ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

14:59, 11 ақпан 2019

Отанға қызмет-абыройлы міндет

Осы орайда әскери сала мамандарына жүктелетін жауапкершілік салмақты. Облыстағы 52/859 әскери бөлімі сарбаздары төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсетуге тартылады. Бүгін аталмыш бөлімде мінсіз қызметімен көзге түскендер марапат биігнен көрінді. Салтанатты шара жайлы келесі бейнематериалда.

Үздік шыққан әскерилерді ұлықтау соңғы бірнеше жыл бойы жүргізіліп, қалыптасқан қағидаға айналды. Мақсат екпінді еңбек еткендерді отбасы, ата-анасымен марапаттай отырып, жастарға да үлгі ретінде көрсету. Мысалға Медет Түлкібаев осы саланың қызығы мен қиындығын көріп мінсіз қызмет етуге тырысты. Нәтижесінде еңбегі еленгеніне қуанышты.

Медет ТҮЛКІБАЕВ, 52/859 ӘБ өртке қарсы қызмет басшысы

-Мынау біздің басшыларға көптеген рахмет айтамын. Жанұямызбен шақырып, ұлықтап жатыр. Біздің бөлім әркез биіктен көріне берсін. Біздің міндетіміз Отанға қызмет ету.

Командирлер де осы сынды шаралар сарбаздардың жұмысқа деген ынтасын арттырарына сенімді. Мысалы өткен жылдарда облыстың бірнеше аумағында болған су тасқындарына сарбаздар белсенді тартылып, ауқымды жұмыс жүргізген. Тіпті өзге облыстарға да жиі барып, жұмыс жүргізіп тұрады. Тіпті ТЖД мамандарының сенімді серігіне айналған.

Сұлтан АХМЕТОВ, ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы

-Бұл полк бізге ТЖ кезінде көмек көрсетті. Кей жағдайда осы полк техникасын алып, бірлесіп жұмыс жүргіземіз.

Шара аясында қатал әскери өмірде жүрген сарбаздар аналардың мейрімге толы ыстық лебіздерін де тыңдады. Дәстүрлі шара биыл «Жастар жылы» аясында жалғасын тауып отырғанын атап өткен жөн.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
17:15, 19 сәуір 2019
ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар