ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ЕСЕЛЕНУДЕ

15:14, 2 желтоқсан 2020

Балқаш қаласында Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Алғашқы жұмыс орыны» жобасы жемісті жүзеге асырылуда. Мысты шаһардағы оқу орнын тәмамдаған түлектер алысқа сабылмай, жақын жерден еңбекке тартылды. Сондай жастардың бірі Ақмарал Қабдырахымова

Ақмарал Қабдырахымова Балқаш көпсалалы колледжінің түлегі. Жас маман «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Алғашқы жұмыс орыны» жобасы аясында Балқаш стоматология жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  жұмысқа орналасты. Бүгінде ол бағдарламалаушы маман болып, ел қатарлы еңбек етіп жүр.

Ақмарал ҚАБДЫРАХЫМОВА, жас маман:

Ақмарал мұнда мамандығына кәсіп деп қарамайды. Қайта жас қызметкер жан қалауы санайды. Келешекте ол жоғары оқу орнына түсіп, қызмет сатысында жоғарылауды көздеп отыр.

Балқаш қаласында Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Алғашқы жұмыс орыны» жобасы жүйелі түрде қолға алынған. Берекелі бастаманың арқасында шырайлы шаһардағы  29 жасқа дейінгі жастар  жұмысқа тұрған. Бір сөзбен айтқанда олардың   табысы тұрақты, тұрмысы тәуір.

Асылай ӨМІРЖАНОВА, Балқаш қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:

-Сонымен қатар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар оң жолға қойылған. Аталған жарқын жоба шеңберінде 40-тан астам жас маман мерзімінен бұрын жұмысқа орналасқанын айтады, сала мамандары.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар