ЕҢБЕККЕР МҮДДЕСІ ЕЛЕНЕ МЕ?

17:25, 15 наурыз 2019

Қазақстанда былтырғы жылы 1500-ден астам адам кәсіпорындарда зардап шеккен. 216 жұмыскер қайтыс болған. Оның себептері мен салдары өндірістік жарақат және кәсіби ауруларға арналған дөңгелек үстел барысында айтылды

Қарағанды облысында жұмыс берушілердің кінәсінен былтырғы жылы 200 жуық адам зардап шеккен. Оқыс оқиғалар  негізінен «Қазақмыс», «АрселорМиттал», «Казцинк» сияқты кәсіпорындарда орын алыпты.

Мұхтар ТІНЕКЕЕВ, ҚР Кәсіподақтар қауымдастығы төрағасының орынбасары:

- АрселорМиттал Теміртауда жұмыс істейтін кеншілер  мүгедектік алуға  негіздемесі болғанына қарамастан, жеке клиника қарамағына кеткен кеншілер ауруханасы көбінесе бұл ауруларды мойындамайды. Мұндай фактілер көп. Мемлекеттік мекемелердің назарын аударғым келетін басқа да мәселелер бар.

2018 жылы өңірімізде  500-ден астам адам кәсіби ауруларға шалдыққан. Қиын жағдайдағы  жұмыс   денсаулықтың нашарлануына әкеп соғады. Шуыл, шаң, зиянды химикаттар - бұл факторлар кейде сау адамды мүгедек етеді. Алайда, ірі кәсіпорындардың жетекшілері бұны мойындағылары келмейді.

Ноян БИДАЙБАЕВ, медицина саласындағы «Сенім» кәсіподақ ұйымының төрағасы:

-Дүниежүзілік еңбек қауымының мәліметінше жыл сайын кәсіби жарақаттан 7 млн.320 адамдай шейіт болады.

Мұхамедқали Әлиақпаров 30 жылдан астам уақыт  «Қазақмыс» кәсіпорнында жұмыс істеп келеді. Ол  4 ай еңбекке жарамсыз. Ауыр жұмыс салдарынан денсаулығы сыр беріп, омыртқа аралық жарық пайда болған. Өкінішітісі, бұл кәсіби ауру екенін дәлелдей алмай жүр.

Мұхамедқали Әлиақпаров, жұмыскер:

-Түні бойы ұйықтай алмай шығам. Уже ештеме действовать етпейді. Обезболивающий алмайды уже.

Дөңгелек үстел барысында  кәсіби аурулардың алдын алу және облыстың кәсіпорындарында жарақаттануды азайту мақсатында бірлескен іс-қимыл жасау алгоритмі әзірленді.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар