ЕҢБЕК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ МЕРЕКЕСІ

16:20, 26 маусым 2019

Орталықмәдениетжәнедемалыссаябағында «Сабантой» мейрамы өтті.Бұл көктемгі егіс- дала жұмыстарыныңаяқталуы мен дөп келетін мереке. Оны татар- башқұрт халқы әуелеген ән және бимен қарсы алады

Сабантой-рухани мазмұны бай шара.Ақтас кентінен келген  вокал тобына 11жыл.Өнер ұжымының репертуары  бай.Сабантойға олар әрдайым белсене қатысып, бел ортасында жүреді.

Бақыт ТӘЖИНИНА, ойын-сауық орталығының әдіскері  / Актас кенті /:

-Ақтас кентінде Сабантой мерекесін атап өттік.Онда да қызықты өтті.Біз барлық қарағандылықтарды осы айтулы мерекемен құттықтаймыз!

Мереке жоғары дәрежеде өтті.Сазды сахнада татар әуендері шырқалды.Бұл мейрам барлық ұлттардың басын біріктіру мен ерекшеленеді.Оны ұйымдастыруға «Ықылас» татар-башқұрт орталығы үнемі  қолдау көрсетіп келеді.Бір айта кетерлігі, бұл мерекеге биыл  өзінің -25 жыл толып отыр.

Әнуар КЕРЕЙБАЕВ, Қарағанды облыстық татар-башқұрт қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

-Біз өзіміздің 25-ші мерейтойлық концертімізді беріп отырмыз.Бұл дәстүрлі татар халқының мейрамы.

Қарағандыға алғашқы рет Татарстаннан арнайы қонақтар келді,бұл жолы  Қазандық әртіс Фердинанд Фатхи салтанатты шараның жүргізушісі болды

Осы маңызды мерекемен Татарстан республикасының Президенті  Рустам Минниханов құттықтады.Құттықтау хатта татулық пен бірлік, және тұрақтылық арнаған жылы сөзбен дестелеген лебіз айтты.

Салтанатты мерекелік бағдарламаны тамашалауға халық көп жиналды.Олардың көпшілігі тұрақты көрермендер.

Біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін, сабантой-ЮНЕСКО көлемінде де мәдениет пен өнердің биігінде тұр. 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар