ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ

17:32, 16 қазан 2020

Осакаров ауданындағы "Воля" шаруа қожалығы ең үздіктердің бірі. Олардың өнімдері үлкен сұранысқа ие

"Воля" қожалығы ауыл шаруашылығы саласында  жиырма жыл бойы қарқынды жұмыс істеп келеді. Бастапқыда фермер тірлігін  бидай, арпа және сұлы өсіруден бастаған. Бүгінде олар жасымық пен көпжылдық шөптер өндірумен айналысады. Қожалықтың жалпы жер көлемі 7 мың гектарға жуықтайды.

Николай КУПАВЦОВ, "Воля" шаруа қожалығының жетекшісі:

- Біздің өнім негізінен ішкі нарықта сатылады. Қарағанды диірмендерімен келісім жасаймыз. Ал, жасымық Елордаға жіберіледі.

Шаруа қожалығы мемлекеттік қолдауын молынан сезініп отыр. Соның нәтижесінде қымбат жабдықтар мен заманауи комбайндар сатып алған. Мақсаты айқын кәсіпорын "ҚазАгроҚаржы" және "Астана Финанс"сияқты ірі ұйымдармен ынтымақтастық бағытта бірлесіп жұмыс істейді. Алайда, толайым табыс үшін аса кәсіби кадрлар қажет, - дейді фермер. Кәсіпкердің айтуынша, ауылдық жерлерде мамандар жетіспейді.

Николай КУПАВЦОВ, "Воля" шаруа қожалығының жетекшісі:

- Кадрлармен шынымен проблемалар бар. Мысалы, инженерлер мен агрономдар жетіспейді. Дәл қазіргі таңда  ауылда жастар жоқ. Өйткені олардың көбісі облыс орталығына кетіп қалады. Мәселен үйренемін деген механизаторларға бәрін өзіміз үйретеміз. Біз мұндай адамдарды жұмысқа қабылдауға дайынбыз.

Ісі өрлеген "Воля" шаруа қожалығында 40 адам еңбек етеді. Кәсіпорынның алға қойған жоспарлары жетіп артылады. «Өнім көлемін ұлғайтып қана қоймай, оны экспортқа да жіберу керек», - дейді шаруа қожалығының жетекшісі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар