ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18:03, 13 қаңтар 2020

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды.Аймаққа жасаған сапарын халық қалаулысы Теміртау қаласындағы металургиялық комбинатынан бастады.Алпауыт кәсіпорынның жұмысы мен танысты.Еңбек адамдары мен тілдесті

Домна цехы  – металлургиялық комбинаттың жүрегі.Домна пештері қызыл жалын шығарып, үздіксіз жұмыс істеп, металл балқытады.Жұмыс жағдайы өте ауыр.Вице-спикерді толғандырған мәселе - қызметкерлердің ауысым мен жұмыс істеуі болды.12 сағаттық жұмыс уақытында түскі үзіліске небәрі жарты-ақ сағат қана уақыт берілетін көрінеді. Осы түйткілді проблема айтылды.

Жоғары палата өкілімен  бірге , облыс әкімдігі мен басқарма жетекшілері болды. Асқар Шәкіров сондай-ақ, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының қаңылтыр қақтайтын цехында  аралап көрді. Өндіріс орнының жұмыс барысы мен танысты.   

Құрышты қаладағы алпауыт кәсіпорындағы цехтарды аралап болған соң, арнайы мәжіліс өтті. Оған «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы басшылығы мен кәсіподақ қызметкерлері қатысты.    

Асқар ШӘКІРОВ,  ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

-  Біздің мақсатымыз қандайда болсын өзекті мәселені біліп, оны жоғары заң шығарушы органға жеткізу болып, табылады. Біраз заңдарды қарастыру үстіндеміз. Қаланың экологиялық мәселесін жақсарту мақстаында экологиялық Кодексті қараудамыз.

Металлургтер мен кездесу барысында жұмыс кестесі және еңбек тәртібі мәселелері сөз болды.Кәсіподақ өкілдері бұл сұрақтар нақты қадағалауда екенін жеткізді.  

Алмас АЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Қазір жұмыс ауқымы аңағұрдым арта түскен.Ол, 2018-19 жылдардағы болған оқиғалар мен тығыз байланысты.Біз кәсіподақ пен тығыз жұмыс жасаудамыз.Кеншілер мен металлургтердің қойған біраз талаптары бар.Ол компенсация төлеу мәселеріне қатысты сұрақтар. 

Жоғары Палатаның өкілі Асқар Шәкіров 2013-ші жылы кобинатта алғаш рет болғанын айтты.Ол кездері жаңа қондырғылар алу мәселесі көтерілгенін де, тілге тиек етті.Мәжіліс барысында «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының атқарушы директоры Вадим Басин алдағы 10 жылға қабылданған жоспар жайлы баяндады.   

Вадим БАСИН, «Арселор Миттал Теміртау»АҚ-ның атқарушы директоры:

- Негізгі қорларды жаңғыртуға баса назар аударылады.Сондай-ақ, өндірістің ырғақты жұмыс істеуіне баса назар аударып, бар күш-жігерімізді саламыз. 

Бір айта кетерлігі,өткен жылдың аяғында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек компания жұмысын сынға алған болатын.Аймақ жетекшісін қоршаған ортаны ластау мәселелері қатты  толғандырған. 

Сейітқали ӘШІМ, Мұрат ТӨКЕНОВ, Роман КОПЫЛОВ 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар