ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

17:11, 7 желтоқсан 2018

Елде қазір 24 халықаралық еңбек конвенциясы болғанымен, іс жүзінде олар орындала бермейді. Бұл туралы бүгін «Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында қандай мәселелер бар, шешімі қандай?

Әлеуметтік еңбек қатынастары. Бұл бүгінде жұмысшы үшін де, басшы үшінде өзекті мәселенің бірі. Елік Нұрғалиев заң ғылымдарының докторы. Жұмысы барысында талай жанға көмек көрсеткен. Еңбек қатынастарының бүге-шүгесін жақсы біледі. 

Елік НҰРҒАЛИЕВА, заң ғылымдарының докторы:

-Еңбек қатынастарын реттеуде әлі де олқылықтың бары рас. Қазіргі еңбек кодексін реттеуде оларды жоюға арналған шаралар бар. Бүгін біз соның бәрін қараймыз.

Бүгінгі шараға Ресейден де мамандар келген. Олардың арасында бүгінгі басты тақырыпты қаузап жүргендер де бар. Соның бірі Светлана Гришкина. Оның пікірінше жұмысшылардың құқығы көбіне шағын кәсіпорындарда бұзылады.

Светлана ГРИШКИНА,   РФ Үкіметі жанындағы қаржы университетінің профессоры:

-Қазіргі кезде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бірінші кезекке шығып отыр. Ол тек қысқа уақыттағы мәселені емес, түбегейлі ойластырылған болоуы тиіс. Сондықтан экологиялық және әлеуметтік аспектілерде назардан тыс қалмауы тиіс.

Еңбек адамының күші ғаламдық прогрессті қозғаушы күш екені даусыз. Сондықтан олардың құқығының тапталмауы маңызды. Жиын барысында еңбек кодексіне жуырда енгізілген өзгерістерде қозғалды. Заңгерлер бұл мәселе әлі де жетілдіруді қажет етеді дейді.

Мейрам ҚАЖЫКЕН, қазіргі қоғамның зерттеу институты директоры:

-Адамның ең аз жалақысы тек өз басын емес, отбасын асырауға жету керек ол да үлкен мәселе. Сосын кейде басшы мен төменгі қызметкер арасындағы айлық 5-10 есе құрайды. Оны да ойлау керек.

Заңгерлердің пікірінше, қазір Қазақстанда 24 халықаралық еңбек конвенциясы бар. Алайда, іс жүзінде олар орындала бермейді.

Ж.ЕЛУБАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...