ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

17:06, 13 тамыз 2019

Арыс қаласында бір айдан астам үйлерді қалыпқа келтіруге атсалысқан Қарағанды облыстық штабы құрамындағы мамандар мен құрылыс, мердігер компания өкілдері марапатталды. Күні кеше, оларды аймақ басшысы Ерлан Қошанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі атынан ведомствааралық төсбелгі мен Құрмет грамоталарын табыстады

Арыс қаласында Қарағанды облысының 400-ге жуық құрылыс мамандары еңбек етті. Бір ай көлемінде 519 пәтер мен 72 жер үйді қайта қалыпқа келтірген штаб құрамында бірнеше компания өкілдері де бар. Одан бөлек, өңірімізде арнайы штаб арқылы бірнеше мәрте гуманитарлық көмекте жөнелтілген болатын.

Құрылысты сапалы әрі кестеге сай жүргізген жандарды аймақ басшысы марапаттады.  «Құрметті құрылысшы»  төсбелгісі   «ГорКомХоз» басшысына табыс етілді.  Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы мен Шет, Осакаров, Абай, Бұқар жырау ауданы әкімдерінің орынбасарларына Құрмет грамотасы берілді. Осылайша,  10-лауазым иессі Құрмет грамотасын алды. Осыған дейін арыс тұрғындары үйлерді қалпына келтіруге көмек көрсеткені үшін қарағандылықтарға зор алғыстарын білдірген болатын.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Бұл жаз біз үшін қауырт болды. Апатты жағдай Арыстағыларға алғашқы өңірлердің бірі болып қарағандылықтар, бәріміз атсалыстық. Үлкен жұмыстар атқарылды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 



 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар