ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ МІНДЕТТІ

13:25, 24 қыркүйек 2019

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға Қарағанды облысы алғашқы болып енді. Келесі жылдың бірінші қаңтарына дейін өңір тұрғындары барлық медициналық қызметті тегін алады. Ол үшін емханада тіркеркелуге міндетті. Облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров осы мәселеге қатысты арнайы жиын өткізді

Қарағанды облысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пилоттық жобасы қыркүйек айынан бастап енгізілді. Әр тұрғын өзі қаралатын емханаға тіркелуі міндетті. Сонда ғана өз-өзін медициналық сақтандыра алады. Аталған жүйеде 15 санаттағы тұрғындарды мемлекет өз қарамағына алатын болады. Осы ретте әр тұрғынның статусын білу үшін тіркелмеген тұрғын болмау керек.

 Алмас АЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Біз үшін әр тұрғынның медициналық сақтандыруда тіркелгені маңызды. Себебі, статусы арқылы қай санатқа жататынын ажыратуымыз тиіс. Мемлекеттің қолдауына ие болып, тегін медициналық көмекті алатындар да бар бұл жүйеде. Бүгінгі таңда облысымыздың 44 мың тұрғыны ешқандай емханада тіркелмеген. Сондықтан біздің міндетіміз – оларды тауып тіркеу. Барша тұрғындарға берер кеңесім – өздеріңізге жақын емханаларға тіркеліңіздер.

Медицина саласында дәрігерлердің жетіспеулішігі байқалады. Оның да өз себебі бар. Мәселе- медициа қызметіне көрестілетін жағдайдан басталады. Бүгінгі таңда аққалатты абзал жандардың еңбекақасы төмен екенін кәсіподық басшылары да мойындайды. Олардың айтуынша, жаңа жоба бұл мәселелені шешуге ықпал етеді.

Болат ЖҰМАБЕКОВ, Қарағанды облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы:

-Жаңа жобаны енгізе отырып, медицина қызметін жақсартамыз. Қазіргі таңда дәрігерлердің орташа еңбекақысы 92 000 мыңды құрап отыр. Ол өте аз. Сондықтан, осы мәсеолені де шешуге мүмкіндігіміз бар. Онымен қоса, заманауи құрылғыдлардыңсанын арттыруға болады. Меніңше, мелекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді дұрыс таңдаған.

Ноян БИДАЙБАЕВ, облыстық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы:

- Кәсіподақ ұйымы, денсаулық сақтау басқармасы, ішкі саясат басқармасы, әлеуметтік сала барлығы бірге  қосылып жұмыс істесек, біздің пилотымыз ойдағыдай болады.

Жүйеде сақтандырылмаған тұрғындар мемлекеттің кепілдік көмегіне ғана жүгіне алады. Яғни, жедел – жәрдем және санитарлық авиация, профилактикалық вакцинация, әлеуметтік маңызды ауруларға көмек көрсетеді. Онымен қоса, Қарағанды облысы пилоттық жүйені алғашқы болып енгізгендіктен, келесі жылдың бірінші қаңтарына дейін тұрғындар барлық медициналық қызметті тегін көреді. Сондықтан, әр тұрғын өз статусын білуге міндетті.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар