ЕМХАНА – ЕЛДІҢ ҚАЖЕТІ

16:56, 29 қараша 2019

Қарағандыда Тұңғыш Президент күніне орай, отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Медциналық жоба мемлекеттік –жеке меншік серіктестік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Емхана заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген

Қарағанды қаласының тұрғыны Аймереке Шамшайова бұған дейін егіз баласын дәрігерге көсету үшін, ұзын сонар кезек күтуге мәжбүр болатын. Енді  жас келіншек олай  әуреге түспейді. Алысқа сабылмай-ақ үйінің іргесіндегі отбасылық денсаулық орталығына бірден баратынына мүмкіндік туды.

Аймереке ШАМШАЙОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Анализ тапсырсақ та, дәрігерге келсек те кішкене қиындау болатын Қазір енді,жақсы болды. Осындай емханалар көбірек ашылсын үйіміздің қасынан. Өте таза , кезекте ұзын сорай күтіп тұрмаймыз, өте жақсы.

Бірегей медициналық жоба мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылды. Емханада  ана мен бала  орталығы  жұмыс істейді. Бір ерекшелігі мұндағы дәрігерлер кәдімгі  ақ халатпен емес  түрлі-түсті киімдер киеді.Тіпті заманауи нысанның қабырғалары сәбилер үшін бояумен безендірілген.

Сәния БОРАНҚҰЛОВА, отбасылық денсаулық орталығының директоры:

- Егер науқасқа қандайда бір шұғыл көмек керек болса, оған бізде  кезекші дәрігер кабинеті қарастырылған.Жауапты дәрігерлер  азаматтардың дертіне дауа беруге сақадай сай дайын. Қарамағымыздағы мамандардың тәжірибесі мол.  

Осы күні отбасылық денсаулық орталығының қызметімен облыс әкімі арнайы танысты. Әсіресе, аймақ басшысын цифрлық техногиялардың  теңдессіз жүйесі қызқтырды. Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек медициналық мекеменің қызу жұмысын жоғары бағалады.

Оңтайлы орталықта күндізгі стацинонар қалтықсыз қызмет көрсетеді. Сонымен қатар бұл жерде консультативтік–диагностикалық бөлімде бар. Елді емдейтін емхана - озық үлгідегі аппараттармен жабдықталған.Білікті дәрігерлердің басты мақсаты -халыққа қолжетімді сапалы медцициналық қызмет көрсету.Бүгінде  емханаға 25 мың адам тіркелген. Олардың саны күн санап артуда. Ал аталған отбасылық денсаулық орталығы аймағымыздағы  алтыншы жоба. Келешекте мемлекеттік –жеке меншік серіктестік бағдарламасы аясында тағыда жаңа нысан қанат қағады,- дейді мамандар.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар