«ЕЛТАНУ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

14:52, 9 қазан 2019

Облыс орталығындағы Достық үйінен «Елтану» республикалық туристік-өлкетану экспедициясы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына жолға шықты

23 адамнан тұратын экспедиция құрамында Қазақстан Халқы Ассамблеясы этно-мәдени бірлестіктер өкілдері «Жаңғыру жолы» қозғалысының жастары, ғылыми-сараптамалық топтың өкілдері қоғам қайраткерлері,ғалымдар, сарапшылар,  белгілі тарихшылар және журналистер  бар.

Нұрсахан БЕЙСЕНБЕКОВА, ҚарМУ-дің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

-Экспедиция «Елтану» жобасын жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстанның тарихи жерлерін аралап, сол бойынша құнды деректер жинап,жинаққа еңгізу мақсаты тұр.

Экспедиция құрамында  Абай оқуларының  «Алғысым саған Қазақстан!» байқауларының жеңімпаздары, «Ұлт қазынасы» және «Түркі әлемі: Күлтегін жырлары» фестивальдеріне қатысушылар да  бар

Ханануз РАСУЛОВА, ҚарМУ-дің студенті, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы штабының мүшесі:

-Мен осы экспедиция құрамына кіргеніме өте қуаныштымын. Баспасөз мәслихаты алдағы мақсат-міндеттерімізді саралауға мол мүмкіндік береді.

Сапар аясында экспедиция мүшелері Баянауыл ұлттық паркіне,Бұқар жырау кесенесіне,академик Қаныш Сәтбаев мұражайына, Мұса Шорманұлы мен Мәшһұр Жүсіп кесенесіне баруды жоспарлаған.Сонымен қатар Жасыбай көлін, Сақ қорғандарын және басқа да қасиетті орындарды көруді көздеп отыр.Ал, Шығыс Қазақстан облысына сапары барсында Жидебай-Бөрілідегі Абай Құнанбаев атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығын, Құнанбай құдығын, Зере мен Ұлжан кесенелерін,Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенін, Мұхтар Әуезов мұражайын аралап    тамашамақ

Әсем САҒАТОВА, ҚарМТУ-дің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі:

-Осы жолғы сапар барысында біз тарихи жерлерді аралаймыз. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазақстанның жері қалай бай болса, тарихы да солай бай. Сол бай мұрамызды көздің қарашығындай сақтау қажет.

Экспедиция мүшелерінің Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына сапары апта соңына дейін жалғаспақ.Қарағандылықтар осындай өлкетану экспедицияларына қатарынан екінші жыл қатысуда.Өткен жылы олар Бұқар Жырау, Қарқаралы және Ұлт-Ұясы Ұлытау аудандарының тарихи жерлерін аралаған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар