ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР

16:52, 10 қыркүйек 2019

Теміртауда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бой көтеріп жатқан емхана құрылысы желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Сондай – ақ, облыс әкімдігі мен «Арселлор Миттал» арасындағы меморандумға сәйкес бұдан бөлек бірнеше әлеуметтік нысанның іргесі қаланып жатыр. Аймақ басышыс Ерлан Қошанов аталған жобаның жүзеге асуын өз қадағалауына алып, Теміртауға барып қайтты

Металлургтер қаласында салынып жатқан Жаңа емхана, заманауи жасақталған спорт кешені және 320 орындық балабақша - Елбасының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан  әлеуметтік нысандар. Аталмыш емхана желтоқсан айында алғашқы болып ел игілігіне ұсынылмақ . Бұл -«Арселлор Миттал» компаниясы мен облыс әкімдігінің ынтымақтаса жұмыс істеуінің  оң нәтижесі.

Заман талабы мен тұрғын мұқтажын өтер нысан шаһардың халық көп шоғырланған бөлігінде орналасқан. Болашақта емхана 20 мыңға жуық адамды медициналық қызмет түрлерімен қамтамасыз ете алады. Қажетті жабдықтарға тапсырыс берілген. Компания басшылығы мен мердігер: 1 желтоқсанға дейін емхана пайдалануға беріледі деп сендіруде.

Вадим БАCИН, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры:

-Емхана бойынша ешқандай сұрақтар туындаған жоқ.Екінші қабат құрылысы жүріп жатыр. Ішкі жұмыстары жасалуда. Денешынықтыру және сауықтыру кешеніне келсек, металл конструкциясы аяқталды. Енді дайын іргетаспен монтаж жұмыстары жүзеге асады.

«Қыстың қамын жаз ойла»- деген халықтың қанатты  сөзін аймақ басшысы да берік ұстанатынын жеткізді.. Жұмыс сапарында Ерлан Жақанұлы жылу маусымының өзекті сұрақтарын да ұмыт қалдырмады.

Теміртауды жылумен қамтамасыз етіп отырған бірнеше қазандық күрделі жөндеуден өтіп, алдағы маусымға тыңғылықты дайындық үстінде. Ал, отынтапшылығы ағымдағы жылы мүлдем туындамайды - деді «Арселлор Миттал Теміртау» атқарушы директоры Вадим Бадин.  

Вадим БАCИН, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры:

-Қыс кезеңіне біз алты қазанмен, төрт турбогенератормен және екі шыңдық қазандармен кіруіміз керек. Көмір мәселесі туындап отырған жоқ. Қазір қоймада шамамен 200 мың тонна бар.

Кездесу барысында облыс әкімі , екі электр станциясын жаңғырту жөніндегі жобаның жүзеге асырылу барысымен де танысты.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар