ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

13:38, 4 қыркүйек 2019

Жезқазған қаласында биыл 16 кәсіпкер бизнесін ашып, кәсібін одан әрі кеңейтуге қолдау тапты. Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» мемлекеттік бағдарламасының жемісі. Мысты өңірдегі жұмыспен қамту орталығының бұдан бөлек жастарды, көп балалы аналарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалары жетерлік

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Жезқазған қаласында осындай бизнес орталықтарының ашылуымен жаңа жұмыс орындары ашылған. Жұмыспен қамту орталығының мамандары жыл соңына дейін әлі 2000 нан аса адамды жұмыспен қамтимыз деп отыр. Биылғы жылдың тағы бір жақсы жаңалығы Елбасының тапсырмасына сәйкес жастар жылына орай 100 жас кәсіпкерге қайтарымсыз грант берілмекші.

Жас кәсіпкер Бэлла Смағұлова 2018 жылы осы дүкенді ашады. Біртіндеп сатылымға шығаратын азық түліктер санын көбейткен. Қазір тұрғындарға қажетті барлық керек жарақты осы сауда нүктесінен табуға болады. Биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау»мемлекеттік бағдарламасы арқылы  қайтарымсыз грнат алып, дүкенге қажетті тоңазытқыш тұрмыстық техникасын сатып алып,  тауар қоятын сөре қойды. 

Бэлла СМАҒҰЛОВА, кәсіпкер:

-Болашақта бизнесім үлкен сет ретінде , үлкен сауда орталығы ретінде көремін. Мемлекет тарапынан көп мүмкіншіліктер бар. Соны жіберіп алмай жігерімді саламын.

Биыл Жезқазған қалалық жұмыспен қамту орталығына 2000 нан астам тұрғын жұмыс сұрап өтініш білдірген.Соның 1700-іне  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау»  мемлекеттік бағдарламасы арқылы еңбек көзі табылған.

Жарас ҚАНАТҰЛЫ, Жұмыспен қамту орталығының маманы:

-Жезқазған қаласында жұмыс орындары ашылып жатыр. Негізінде жұмыссыздықты азайуына көп септігін тигізеді. Былтыр жұмыссыздық деңгейі 05пайыз болса, биыл 04 пайызға түсіп отыр. Әрине болашақта ол төмен түседі деген сенім бар. Себебі «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау»мемлекеттік бағдарламасы арқылы қайтарымсыз гранттар мен несиелер беріліп жатыр.

Қазір Жезқазған қаласында техникалық мамандықтар сұраныста. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама көмегімен қазір 179 жұмыссыз қысқа мерзімді оқу курстарына жіберілген. Олар біліктіліктерін жетілдіріп қана қоймай, ай сайын 16 700 теңге шәкіртақы алып отырады. Кейін тұрақты жұмысқа жұмылдырлады. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар