ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ӘЛЕУЕТІ

14:01, 11 шілде 2019

Нұра ауданында халықтың әл ауқатын аттыруда түрлі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биыл 3 аз қамтылған көп балалы аналарға тегін үй берілген. Ауылдарда жұмыссыздық қатарын азайту үшін түрлі әлеуметтік жобаларда бастау алған. Мәселен қарапйым халық С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен бірлесіп агроэкономикалық тәжірбие жүргізіп жатыр

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің зерттеуші ғалымдары ауылдағы бизнесті дамыту алгаритімін  ойлап таппақ. Жобаның құрылтайшылары яғни  университет оқытушылары қорға 1 млн 260 мың теңге жинаған.  Бұл қаржыға тауып балапандарын сатып алып, оларды Нұра ауданындағы Көбетей  ауылының 4 тұрғынына  бөліп берген.  Апта сайын қажетті жемді ала келіп, мамандар  құс өсірудің қыр сырын үйретіп, кеңес береді.  Ғылыми тәжірбиенің нәтижесінде ауыл тұрғыны 60 күннен соң бролер балапан етінің 60 пайызын университетке тапсырады,  қалған  40 пайызын өзіне қалдырады. 

Гүлнәр АСАНОВА, экономика факультетінің маманы:

-Бұл әлеуметтік жоба. Тұрғындармен біздің жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жобаның нәтижесінде экологиялық таза өнім алады. Мысалы бізде Нұрсұлтан қаласында құс етінің 1 келісі 1500 теңгеден басталып, 3000 теңгеге дейін барады. Ал жоба бойынша біз бар болғаны  840 теңгеден аламыз. Әрине мұндай жетістікке жақсы ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде жетуге болады. 

Жобаға Көбетей ауылындағы жұмыссыз азаматтар қатысып отыр. Риза Бикенова  200 тауық балапанын алған. Қазір күні - түні баптау үстінде. Жоба талабына сәйкес  тамыз айында 100 бастан 150 келі етті тапсырады. Қалғаннын одан өсіріп, бизнес ретінде кәсібін дөңгелеткісі келеді. 

Риза БИКЕНОВА, Көбетей ауылының тұрғыны:

-Жұма сайын ғалымдар университеттің зотехниг, технологтары келіп жатыр. Қадағалап тексеріп, жатыр. Көңілдерінен шығып жатырмыз. Барлық жем шөптері мен дәрумендерін әкеліп берді. Бізден ешқандай шығын шыққан жоқ. Еңбегіміз ғана. Сол еңбектен пайда көретін түріміз бар.

Ал халықты әлеуметтік  қолдау мақсатында Қайнар ауылында көп балалы  анаға 3 бөлмелі үй берілді. Бес перзенті бар Наталья Алексееваға  мұндай сыйлықты өзі еңбек ететін «Қайнар» ЖШС-і жасап отыр. Баспана іші  жөнделіп, тіпті аумағы абаттандырылған.  Шаруашылық азық түліктер, балаларына киімдер беріп те көмектесіп тұрады екен. Келешекте отбасы бау бақша өсіріп, шағын шаруашылық ашқысы келеді.

Наталья АЛЕКСЕЕВА, көп балалы ана:

-Қазір мемлекеттен біз сияқты көп балалы аналарға үлкен көмектер көрсетіліп жатыр. Негізі бұған дейін ата анаммен тұрған едім. Қазір өз үйім бар. Өте қуаныштымыз әрине. Келесі жылы бау бақша егіп, ірі қара сатып алып, мал және тауық өсіруді жоспарлап отырмыз.

Нұра ауданында биыл аз қамтылған көп балалы 3 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп отыр. Нұра адандық әкімдік қосымша тағы 15 үй сатып алып қойған. Келешекте осы санаттағы отбасыларға беруді көздеп отыр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар