ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА – АНАЛАР ИГІЛІГІНЕ

16:28, 16 тамыз 2019

Абай ауданында көп балалы аналарға арналған «Іскер ана» жобасы жүзеге асуда. Мұнда нәзікжандылар оң саусағынан бал тамған мамандардан қол өнерге үйреніп, тегін шеберлік сабақтарынан өте алады. Қазір олаР киізден түрлі туындыларды жасауға машықтануда. Бұл жұмыссыздықпен күрестің айғағы

Наталья Карепанова жұмыссыз,  үйде 6 баланың тәрибесімен отырған көп балалы ана. Тиімді өнерді  үйренуге бүгін бірінші келуі. Себебі киізден жасалатын бұйымдарға  тек жүн, су және сабын ғана керек. Балаларының қажетін ашу үшін   енді ол  қалтасындағы қаржыға  ғана емес, ісмерлігіне жүгінуді жөн санайды. Себебі қазір киізден тігілетін туындылар құнды әрі қымбат.

Наталья КАРЕПАНОВА, көп балалы ана:

-Киізді бүгін бірінші рет қолыма алып отырмын. Маған өте қызық әрине. Дүкендерде осындай дайын өнімдердің бағасы қол өнер жұмысы деп қымбатқа бағаланады. Зейін салып жасасаң, ешқандай қиындығы жоқ екен. Менің 6 балам бар. Енді әрқайсысына түрлі киімдер тігіп беретін боламын. Абай ауданының басшылығына осындай тегін оқу курстарын ашқаны үшін алғысымыз шексіз.

Ал 4 баланың анасы Перизат Бакированың негізгі мамандығы экономист.  5 ші рет ана атануға демалысқа шыққандықтан, бос уақытын тиімді пайдалануды көздеген.  Оймақ пен жіпті жасынан жанына серік еткен шеберге бұл өнерді игеріп кету қиын болған жоқ. Болашақта осы бағытта кәсібін ашып, халықты табиғи таза өнімнен қамтамасыз еткісі келеді.

Перизат БАКИРОВА, көп балалы ана:

-Жүннен жасалған бұйымдардың барлығы жылы әрі пайдалы. Қыста суық өткізбейді. Мысалы желетка жүннен жасалған, бас киім жасағым келеді. Қазақтың қол өнерін жалғастыру керек қой. Болашақта бизнес ашқым келеді.

«Іскер ана» жобасына қатысуға асық Абай ауданындағы аналар аз емес. Қолөнер шеберлік сағаттарынан бөлек мұнда аспаздықиың да қыр сырын үйретеді. «Өз ісін қалай құру керек» тақырыбында жиі семинар және ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынасты жақсартатын психологиялық  тренгтер өткізіледі. Жұмыс кестесі ыңғайлы әр нәзікжанның уақытына сәйкестендіреді.

Окасана ПАНАСИДИ, «Позитивті даму» жеке меншік мекемесінің  директоры:

-«Іскер ана» жобасы Абай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің  қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба Абай қаласына алыс елді мекендерден келген ауыл тұрғындары арасында бірден танымал болды. Шеберлік сағаттар әйелдерге өздерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Ал психологиялық тренигтер отбасында үйлесімді қарым қатынас орнатуға көмектеседі.

Абай ауданындағы «Позитивті даму» жеке меншік мекемесі 2010 жылы құрылған.  2013 жылдан бастап осында «Отбасын қолдау орталығы» жобасы жүзеге асуда. Яғни көп балалы аналар мен отбасында зорлық зомбылық көрген нәзікжаныларды қорғайды. Әр адамға заңгерлік және психологиялық кеңес береді. Соның арқасында мұндағы мамандар Абай ауданында ажырасуға өтініш білдірген 49 жұптың отбасын сақтап қалуға көмектескен. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар