ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ «ӘКІМ САҒАТЫ»

17:06, 30 шілде 2020

Билік пен бұқара арасы жақындай түсті. Қала мен аудан басшыларының әлеуметтік желідегі "Әкім сағаты" жүйелі жолға қойылды. Енді, қарашаның қам көңіліндегі өзекті мәселелер назардан тыс қалмайды. Бұл ретте, Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров кезекті рет тікелей эфирге шығып, тұрғындарды толғандырған сауалдарға толыққанды жауап берді

"Әкім сағатын" шахар басшысы Нұрлан Әубәкіров,  қала тұрғындарын келе жатқан  Құрбан айт мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізумен бастады.   Қала әкімі өз сөзінде, елдегі ахуалға байланысты Ұлық мейрамды онлайн режимде атап өту ең дұрыс шешім екендігін тұрғындардың есіне салды.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

ұрбандық шалуға ниет еткен жандар бұл рәсімді  онлайн режимде де жүзеге асыруына мүмкіндік бар.  Ол үшін арнайы  qurban2020.muftyat.kz.  сайты іске қосылған.  Аталған сайтта құрбандыққа шалынатын малдың бағасы да көрсетілген.  Құрбандық шалуға қажетті малды таңдап тапсырыс бере аласыз. Оның еті  мұқтаж жандарға таратылады.

Нұрлан БИКЕНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Қазақстан діни басқармасының келісімі бойынша, ертеңнен бастап құрбан шалу рәсімі онлайн режимде өтеді. Сондықтан да, мал сату, ауылдардан әкеліп сату барлығына шектеу қойылып отыр. Көпшілік орындарда, мешіттерде өткізілетін шаралардың барлығына шектеу салынуда.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында қала басшысы  тұрғындар тарапынан жолданған басқада сауалдарға жауап берді. Әсіресе, жолдарды жөндеу және абаттандыру, үй құрылысы және қол жетімді баспана мәселелелері халықтың көкейкесті мәселелері болды.  Шахар басшысы азаматтардың талап-тілектерін тыңдап, әрқайсысына тұшымды жауап берді.  Сондай-ақ бұл өтніштер мен ескертпелер назардан тыс қалмай,  барынша оң шешім табатынын жеткізді. 

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Біз Методическая көшесінің тұрғындары қатты дауыл салдарынан үйдің шатырын бұзып әкеткендігі жайын айтқан болатынбыз.  Соны қалпына келтіру  бойынша хабарласқан едік.  Аудан әкімі жиын есебімен барлық мәселелер шешілгенін айтты. Егер олай болмаса, мен аудан әкіміне осы мәселені пысықтауды тапсырамын.

Естеріңізге сала кетейік, аймақ басшысы Instagram әлеуметтік желісінде "Әкім сағатын"  сейсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет өткізеді.  31 шілдеге жоспарланған эфир, мерекеге байланысты бүгінгі күнге ауыстырылды.  Сондай-ақ Нұрлан Әубәкіров  тікелей эфир барысында жауап беріп үлгермеген сауалдарды, эфирден соң қарап  шығып, тиянақты түрде жауап  беретінін айтты.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар