ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР ҚЫЗМЕТІ

17:15, 30 шілде 2020

Стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қандай? Сондай-ақ қауіпті індеттің таралуына жол бермеу үшін тағы қандай шаралар қабылданды? Бұл жайында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекова брифингте айтты

Қарағанды облысында 12 ведомоства аралық мекеме жұмыс істейді.  Олар облыс бюджетінен қаржыландырлады. Сондай-ақ халықты түрлі әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етеді. Соның 4-уі медициналық әлеуметтік мекеме саналады.  Яғни, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.  Стационар жағдайында 602 орын  сондай адамдардың тұрғылықты  мекен-жайына айналды.  Дәл сондай үйсіз жүрген азаматтарға пана болар мекеме Қарағанды да  бар.  Онда  50 орынға жасақталған  төсек орынға мұқтаж жан   24 күн  орналаса алады. Жыл басынан бері аталмыш қызметке 145 мүмкіндігі шектеулі қала тұрғыны мен қариялар жүгініпті.

Әсем ЖҮНІСБЕКОВА,  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

- Сондай-ақ, стационар жағдайында бес психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеде 18 жастан асқан адамдар үшін 1866 төсек орын бар. Атап айтқанда Қарағанды, Саран, Абай және Қарқаралы қалаларында бүгінгі күні әлеуметтік қызметтерді психоневрологиялық сырқатқа шалдыққан 1662 адам алады. Бұдан бөлек, Қарағандыда 250 орындық стационар жағдайында балаларға арналған мекеме жұмыс жасауда.  

Карантинге байланысты ведомствааралық 12 мекеме уақытша қызметін тоқтатқан. Осы аралықта 10 медициналық – әлеуметтік ұйым тұрақты пана болуға жолдама  бере алмады. Бұдан бөлек, осы тектес оңалту орталықтары да өзінің келушілеріне жолдама ұсынған жоқ. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты  жыл сайынғы Қарқаралы демалыс орынына жолданатын мүмкіндігі шектеулі жандар да, бұл жолы аталмыш көмекке ие болған жоқ.

Әсем ЖҮНІСБЕКОВА,  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

Бүгінгі күні стационарлық үлгідегі мекемелерде жеке қорғаныс құралдары бар. Дезинфекциялау құралдары, ғимаратқа кіре берісте  арнайы дезинфекциялау тоннельдер сатып алынды. Азық-түлік, киіммен толық көлемде қамтамасыз етілген. Қажет болған жағдайда Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы қосымша сатып алынады.

Сондай – ақ, брифинг барысында басқарма басшысы мүгедектік мерзімі аяқталған жандардың құжаты шілде айында автоматты түрде ұзартылатыны айтты. Қайта рәсімдеу мүмкін болғанша осылай жалғаса бермек. Демек, тамыз айында да мүгедектік мерзімі ұзартылады.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар