ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

17:48, 24 маусым 2019

Алдағы уақытта «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында электронды сауда алаңы ашылады. Жоба негізінен фермерлермен олардың өндірген тауарларын сатып алушыларға арналған. Бүгін облыс әкімі инвесторлармен жобаның жай-күйі жайлы сөйлесті. Жобаның сәтті шығуы үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс?

Қазір өңірде «Альфарух» ЖШС –не қарайтын  көтерме-үлестіру  орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Оның облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор. Заманға сай  логистикалық орталық ауыл шаруашылығы өнімдерін сату үшін "Солтүстік-Оңтүстік" ағынын байланыстырады.  Нәтижесінде фермерлердің өнімін делдалсыз сатуға мүмкіндік ашылады. Қазір бұл жұмыстардың 90 пайызы аяқталған.  Жоба бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан қолдау тапқан.  Нысанның құрылысы бойынша облыс әкімі бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Сонымен қатар облыс әкімі қаланың темір жол вокзалын да барып көрді. Онда құрылыс-монтаждау жұмыстары әліде жүріп жатыр. Ерлан Жақанұлы нысанның облыс тұрғындары үшін маңызды екеніне тоқталып, құрылыс жұмыстарында қателік жібермеуді ескертті

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар