ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

14:22, 17 қазан 2019

Қарғанды қаласында атаулы әлеуметтік көмек алатындар қайта оқу курстарынан өтіп, өз кәсіптерін ашуда. Биыл 102 қарағандылық мемлекеттің қайтарымсыз грантын алып, шағын бизнесін ашты. Олар жәрдемақы алудың жаңа жүйесіне де қуанып отыр

3 баланың анасы Динара Қозбағарова атаулы әлеуметтік көмектің иглігін көріп жүр. Биыл аспаздық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіліп, 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грантын жеңіп алған. Бүгінде шағын асхана ашып, қажетті техникалық бұйымдар сатып алып,  кондитерлік түрлі өнімдер пісіріп сатады. Торт, тоқаш тәрізді тағамдарға тапсырыс көп екен. Бірнеше жыл жұмыссыз жүрген  ана, бір жыл ішінде бизнес ханшайымына айналып келемін дейді.

Динара ҚОЗБАҒАРОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Мен бұл қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Жұмыыпен қамту орталығына келіп алдымен атаулы әлеуметтік көмек алдым, кейін маған қайтарымсыз гранттар бар, қатысыңыздар деп сондағаы мамандар хабарласты. Өз жобамды қорғап, осы бизнесті аштым. Егер бір жыл бұрын мағансен енді кәсіпкер боласын десе сенбес едім. Қазір кәсіпкер атанып отырмын. Болашақтта, мына жердің ауқымын кеңейтіп,  тағы жұмыс орындар ашамын.

Биыл Қарағанды қаласы бойынша 155 қайтарымсыз грант қарастырылған. Қазір соның102 өз ісін ашқан.  Тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек берудің 2020 жылдағы жаңа ережелеріне де қуанып отыр. Себебі енді табысқа қарамастан көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Басты шарт – отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі жұмыс істеуі тиіс.

Нұржан СЫЗДЫҚОВ, Қарағанды қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры:

-4 баласы барллар 42500 теңге, 5 баласы барлар 53125 теңге, 6 баласы барлар 63750 теңге, 7 баласы барларға 73 000 теңге жәрдемақы беріледі. Әр отбасында жұмысқа қабілетті адам болса, олар жұмыс істеу керек. Егер жұмыс істеуден бас тартса атаулы әлеуметтік көмек ол отбасынан алынады. 

Атаулы әлеуметтіктің жаңа түрі көптеген проблеманың алдын алады. Бастысы   тұрғындар отбасылық табысты жасырып қажеті жоқ. Себебі Қарағанды қаласы бойынша  биыл атаулы әлеуметтік көмек алған 300 отбасы ортақ табысты бүккені анықталған.  Қазіргі күнде аталған деректер зерттелген соң, облыс орталығы бойынша  2 млн теңге мемлекетке қайтарылған.

Нұржан СЫЗДЫҚОВ,  Қарағанды қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры:

-Сол жасырған кірістердің бүгінгі таңда әр отбасымен жұмыс істеп жатырмыз. Қандай құжаттары қате болды, тіркеулерінде қате болды. Кірістері дұрыс болмады ма? Кірістері асып кеткен жағдайда заң бұзушылық болған жағдайда олар үкіметке бюджетке аударып жатыр. 6 ай тіркеуде болу керек Қарағанды қаласында. Содан кейін атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыра алады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Биыл Қарағанды қаласындағы жұмыспен қамту орталығына 10900 адам жұмыс сұрап келсе, соның 6700 -іне тұрақты еңбек көзі табылған. Қалған бөлігі әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ал Динараы тәрізді мемлекеттік бағдарламалар көмегіне кеңелгендер саны да аз емес. Осылайша әлеуметтік көмек қарағандылықтардың әлеуетін әлдендірмек.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар