ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

13:36, 8 қараша 2019

Қарағанды облысы бойынша «Еңбек» бағдарламсы жүзеге асуда.Бұл мемлекеттік жоба жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен қоса, нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.Оның тиімділігін ауыл-село тұрғындары қалай сезінуде?

Бұл бағдарлама - қысқа мерзімді курста мамандарды оқытып, жұмысқа орналастыруға көмектеседі.Сондай-ақ, өз ісін ашам деушілерге несие рәсімдеу мен қатар гранттар беруге мүмкіндіктер жасайдыы.Осакаров ауданында осы мақсаттарға 600 миллион теңге қаржы бөлінген.    

Төлеген СМАГҰЛОВ, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің маманы: 

- Бүгінгі күні біз,1800 адамды қамтып отырмыз.Оның 80-і, 300 миллион теңге көлемінде шағын несие алды.Ал, 130 адам барлық сомасы 64 миллион теңге болатын грантқа ие, болды.1054 адам тұрақты жұмыс пен қамтылды.

Гранқа ие болғандар арасында Осакаров кентінің тұрғыны Елена Смирнова да, бар. «Еңбек» бағдарламасының тиімділігі жайлы ол таныстарынан естіп, білген.Ол, «жас кәсіпкер» бағдарламсы бойынша арнайы курстан өткен.Өзінің бизнес-жобасын әзірлеп,грант ұтып, алған.Қазір, Елена аппаратты косметология кабинетін ашқан   

Елена СМИРНОВА, кент тұрғыны:

-Шаштың өсуі мен жасаруға байланысты қызметтер көрсетіледі.12 түрлі қызмет көрсетеміз.Ол, емдеу мен жасаруға бағытталған.Бұл жастар үшін өте тиімді кәсіп, деп білемін.

Сондай-ақ, кент тұрғындарына әлеуметтік атаулы көмек көрсетілеген. Қаңтар айынан бастап,осындай қолдауға 526 тұрғын қол жеткізіп отыр.Олардың арасында Жәмилә Нәкей де бар. Оның отабысында 4 бала  өсіп келеді.Ең үлкен ұлы 16 жаста екен.

Жәмилә НӘКЕЙ, кент тұрғыны:

-Әлеуметтік көмек жәрдем алып, отырмын.Тағайындалды.Сол ақшаға сиыр сатып, алдым.Өзім тұрақты жұмыс істеймін.  

Бір айта кетерлігі, келесі жылдан бастап әлеуметтік атаулы көмектің жаңа жүйесі еңгізіле бастайды.Төлемдер барлық көп балалы отбасыларға беріледі.Оның кірістері есепке алынбайды.  

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар