ӘЛЕУМЕТТІК- КӘСІПКЕРЛІК МЕКТЕБІ

12:18, 30 маусым 2020

Қарағандыда «Social Trust» атты әлеуметтік-кәсіпкерлік семинар өтті.Бұл жоба Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауы мен жүзеге асқан

Семинарда  кеңес беру ғана емес, сондай –ақ, тәжірибелік көмек көрсету жағы да қарастырылған.Бұл -осы жобаның негізгі мақсаттырының бірі.Басқосуға қатысушылар әртүрлі тұсаукесер жобалардың куәсі болды.Олар өзара пікір алмасып,тәжірибелі мамандардың көмек-қолдауын да сезінді. Өз жеткен жетістіері мен әлеуметтік-кәсіпкерлік мектебігнің негізін қалаушылардың бірі,Эмин Әскеров те бөліскен болатын

Бақтияр БЕКМҰРЗАЕВ, «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры:

 -Бүгін семинар-тренинг жұмысы бастау алды.Екі күндік бағдарлама пленарлық отырыстар негізінде өтті.Оған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Атамекен» Ұлттық палатасының өкілдері де қатысты.   

Семинарға 60 - тан астам адам қатысты.Олардың арасында өз ісін дөңгелетіп әкеткен кәсіпкерлер де бар.Әлеуметтік-кәсіпкерлік мектебінде қызықты жобалар таныстырылды.Олар әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған .   

Татьяна ХАСАНОВА,  «Centre AT» компаниясының жетекшісі:

Бұл аутизм мен ауыратын балалар үшін тиімді.Жобалардың арасында есту және көру қабілеті нашар адамдардың жұмысқа орналасуы мен қатар, олардың қоғамға бейімделуіне барлық жағдайлар жасалған.Сондай-ақ, әлеуметтік кафелерде сүретке түсіру мен қатар бейне-көріністер жасауға мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл көп балалы аналардың өз бизнесін жүргізуге және балаларына қосымша тәрбие беріп, ақша табу жолдарын үйретуге мол мүмкіндік береді.

«Social Trus» атты әлеуметтік-кәсіпкерлік мектебі қанат қақты жобалардың жүзеге асуына мол мүмкіндік береді.Енді болашақ кәсіпкерлердің өз ісімен айналысуына және оны дамытуға деген құлшыныстарын одан әрі арта түспек.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар