ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

12:01, 13 қаңтар 2021

Құрылыс, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласының қарыштап дамуы кезекті аппараттық мәжілісте айтылды. Бұл турасында экономика басқармасының жетекшісі Азамат Мұқанов облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке баяндады

Қарағанды облысы бойынша 2020 жылы экономикалық өсім сақталған. Өнеркәсіп өнімінің артуы 3 триллион теңгені құраған. Бұл өнімді қайта өндеу арқылы қол жеткізген жетістіктер. Оң динамика негізінен әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты болған. 

Азамат МҰҚАНОВ, экономика басқармасының жетекшісі:

- 2020 жылғы өндірілген физикалық өнім көлемі 1,5 пайызға артқан. Ал, өнімді қайта өндеудегі көрсеткіш 3,6 пайызға жеткен. Тау-кең өнеркәсібі саласы бойынша физикалық өнім көлемі 97,9 пайызға жеткен. Негізгі капиталға инвестиция құю 678,2 миллиард теңгеге жетіп, ол 83,3 пайызды құрады.  

Ауыл құрылысы қарқынды дамыған. Нәтижесінде ет, сүт өнімінің көлемі артқан. Шағын және орта бизнес қарқын алған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 16 мың жаңа жұмыс орны ашылған. «Еңбек» бағдарлмиасы нәтижесінде 44 мың адамның екі қолға бір күрек табуына мүмкіндіңк туды. Ішкі тауар айналымы өткен жылы 4,1 миллиард долларды құраған. Қарағандыдан шыққан отандық өнім көлемі 3,6 миллиард долларға жеткен. 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында барлық бағыттар бойынша негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілген. Осы жылы күн тәртібінде ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Аймақтың экономикалылық өсімі сияқты мәселелер. Алға мақсат қоюумыз қажет. Аймақтың физикалық өнім көлемін 3,4-5 пайызға жеткізу көзделген. Негізгі мақсат халықтың әлеуметтік мәселесін жақсарту.  

Осы жылы барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша 34 мың жұмыс орны ашылуы керек. 700 миллиард теңгеден астам  инвестиция тарту көзделген. Жаңа жобаларды іске қосу көзделген. Ферроқорыту зауыты фабрикалар мен зауыттар және дөңгелек шығаратын кәсіпорындарды іске қосу қажет көрінеді.  

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар