Әлем мейрімді жандарға толы

17:57, 12 ақпан 2018

Жонкиндер отбасы өздерінің екінші қоныстойын тойлады

Осыдан үш ай бұрын, тілсіз жаудың салдарынан олардың Бұхар жырау даңғылы бойындағы  3 бөлмелі пәтерлері жанып кеткен еді.   Отбасы өрт салдарынан  тек баспанадан емес, қажетті құжаттардан да айрылып қалды. Зейнеткерлердің осындай қиын жағыдайға тап  болғанын естіген жұрт, өз қолдауларын көрсетіп, 3 бөлмелі үйді жөндеп берген.  Көптен күткен қоныс той. Зейнеткер Үміт Жонкина қуаныштан көз жасын тия алмады. Ол әлі күнге дейін өртенген пәтердің жылдам арада, қайта қалпына келгеніне сенер-сенбесін білмейді.Зейнеткерлердің осындай жағыдайға тап болғанына, қарағандылықтар қатты күйзелді. Өрт салдарынан істен шыққан заттарды сыртқа шығаруға студенттер де өз қолғабыстарын тигізді.

Үміт  Жонкина жәбірленуші

Мұнда ғимаратты тазалау қажет болды. Студенттер мен  дәрігерлер  де келді.Олар материалдық көмек көрсетті.ұстады, қаржылай көмектесті және кім, қалай көмектесе алады. Адам факторы өте маңызды,ол  моральдық тұрғыдан қолдауды қажет етеді.Осы тұрғыда, баршаларыңызға айтар алғысым шексіз.  

 Бұл үш ай бұрын түсірілген бейне-көріністер.Жонкиннің үйіндегі өрт, өткен жылдың қараша айында шыққан еді.. Осы сәтте  пәтер иесі үйде болған.Алғашқыда оны байқамаған. Кейінірек анықталғандай, тілсіз жаудың  шығуына үтіктің қосылып қалуы себеп болған.  12 жастағы немересі таэквондоға арналған киімдерін үтіктеп, оны тоқ қуатынан ажыратуды ұмытып кеткен..  

Болат ЖОНКИН жәбірленуші

Мен тұрып, жатын бөлмеге кірдім, үйдің іші көк түтін.Үй жихаздарына сүйендім, қолдарымды күйдіріп алдым.Немерем үйде екен ғой деп, дыбыс білдірдім. Сөйтсем, ол шығып кетіпті. 
Біздің телеарнадан зейнеткерлердің мұңын естіген   Қарағанды ​​кәсіпкерлері пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.  Жөндеу жұмыстарына шамамен жеті миллион теңге қаражат жұмсалған. Қайырымды шараға ат салысып, мәрттік танытқанның бірі құрылыс фирмасының иесі Сергей Рудиков.  

Сергей РУДИКОВ кәсіпкер

Осы жағыдайды естіп, қолдау көрсеттік.Тек мен ғана емес, барлық қарағандылықтар қолдау көрсетті.Оқушылар да көмек қолын созды.Күрделі жөндеу жұмыстары бір жарым айға созылды. Жыламдатып бітіруге тырыстық.

Жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда,жапа шегуші, Жонкиндер медицина университетінің жатақханасын паналап келді.Себебі екеуі де білікті дәрігерлер.  Отағасы Болат Жонкин   әлі күнге дейін жас мамандарға дәріс оқиды. Баспана түгел қайта қалпына келтірілгенмен өрттің салдарынан төменгі қабаттағы пәтерлер де зардап шеккенді. Енді зейнеткерлер көршілеріне тигізген материалдық  зиянды өтеуі тиіс. Пәтер мен істен шыққан тұрмыстық техниканы  қалыпқа келтіруге 3 миллион, 300 мың теңге қажет екен. Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда.

Сейітқали ӘШІМ 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
16:33, 16 тамыз 2018
ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар