САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ - БАСТЫ БАҒЫТ

16:00, 17 қаңтар 2019

«Қарағанды Жарық» компаниясында желілерді жаңарту мен жаңғырту бағытында жұмыстары жалғасын табуда. Өткен жылдың өзінде Қарағанды облысында 300 шақырымға жуық электр желісі қайта қалыпқа келтірілген.

«Қарағанды Жарық» компаниясының 2016-2020-шы жылдар аралығындағы инвестициялық бағдарлама аясында жүргізген жұмысы ауқымды. Тек 2018-ші жылдың ішінде энергетиктер 139 трансформаторлық қосалқы станцияны қайта қалыпқа келтірген. Мұнымен қоса, Қарағанды қаласындағы электр тарату желілерін жаңғыртуда да ауыз толтырып айтарлықтар істер атқарылды. Аталмыш шара электр қуатының техникалық тұрғыда ысырап болуына және желілердің тозуына тосқауыл болмақ.

Арнат ЖАНПЕЙІСОВ, "Қарағанды Жарық" ЖШС қалалық төменгі вольтты аудандық электр желілерінің бастығы:

-25 компенктаторлы пульс жаңадан қойлып, 9- ы жұмысқа қосылды. Және оқшауланған желілер қосылып, тұтынушылар осы желіге қосылған.

Инвестициялық бағдарлама аясында мамандар 2018-ші жылы 283 шақырым электр тарату желісін ретке келтірген. Соның нәтижесінде тұтынушыларды тоқпен қамту қуаты едәуір артты және құбылмалы ауа райы кезінде туындайтын кедергілер төмендеді

Виктор МОКРОВ, "Қарағанды Жарық" ЖШС өндірістік-техникалық қызмет бастығы:

- Іс шаралар кестесіне сай 31 станцияда ескірген құрылғылар жаңартылды. Келер жылы «Тихоновка» станциясының жұмысын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Онда екі бірдей қосалқы станция бар, әрқайсысының қуаты 40 мың киловат амперді құрайды.

Жаңа қосалқы станцияның пайдалануға берілуі тек тұрғын үй қоры үшін ғана емес, кәсіпорын жұмысына да оң ықпал етеді. Қосымша энергетикалық қуат шағын және орта кәсіптің де қанат жаюына жол ашпақ. «Тихоновка» қосымша станциясы биыл пайдаға беріледі деген жоспар бар. Айта кету керек, «Қарағанды Жарық» компаниясы тұтынушыларды тоқпен қамтамасыз ету сапасын жақсарта түсу мақсатында инвестициялық бағдарламаларды жүйелі жүзеге асыруды жалғастыра бермек.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
18:40, 13 ақпан 2019
ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
Толығырақ...