ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАТАРЛАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

17:23, 30 қараша 2020

1 желтоқасан «Тұңғыш президент күніне» орай Теміртау қаласындағы «Тұңығш президент мұражайында» конференция өтті. Аталған шараға Қарғанды облысының әкімі мен Елбасының қатарлас достары қатысты

Конференция ZOOM платформасында өтті. Онда 40-тан астам қатысушы болды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек алғашқы сөз кезегін алып, Елбасының Қазақстан тарихындағы орнын айқындап айтты.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқыған сыныптастары да өткен шақты бір еске алып, ұлт көшбасшысының бойында сол кездерде байқалған қасиеттерін айтып берді. Металлургия салаында бірге қызмет істеген әріптестері де залда құрметтік қонақ болып отырды. Қуаныш Омашев Елбасының үзеңгілес досы. Ол «Нұрсұлтандай адал достың арқасында елге қызмет ету жолына түстік» дейді.

Қуаныш ОМАШЕВ, Елбасының үзеңгілес досы:

-Осы Теміртауда жұмыс атқарып, қалыптасып, институт бітіріп, халыққа қызмет жасағанымыз осы Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылы Қарағанды өңіріне іс-сапармен келген еді. Сол кезде тұңғыш президенттің алдында аймақ жастарының атынан жас айтыскер ақын Мұқағали Сейтқазы сөйлеген еді. Бүгінгі шараға ол Ұлытаудан арнайы келіпті.

Мұқағали СЕЙТҚАЗЫ, айтыскер ақын:

-Облыс Жастарының атынан елбасының алдында сөз сөйлеп, өлең оқып, батасын алған едім. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы маған атыңды дұрыс қойған екен деп еді.  Бұл маған ғана емес, облыс жастарына берген батасы еді.

Конференцияға Арқаның өнерпаздары да келді. Олар өздерінің әніңмен шараның нүктесін қойды. 

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар