ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

17:13, 3 шілде 2020

Нұр-сұлтан қаласының күні, биылғы жылыда атап өтіледі. Оның Елорда болып, қалыптасуына Елбасының қосқан үлесі қомақты.Ұлт көшбасшысының екінші отаны Теміртау қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы басталған еді. Осы жылы Теміртау қаласы да,өзінің -75 жылдығын атап өтсе, Металлургиялық комбинатқа -60 жыл толып отыр.Бұл алып кәсіпорында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің алғашқы еңбек жолы басталған болатын.Осыған орай, облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығы мен онлайн-конференция өтті

Онлайндық жүйеде өткен конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, оқымысты ғалымдар мен сарапшылар және Ресей мен Украйнаның сондай-ақ, біздің Елдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел жағдайындағы конференцияның негізгі мақсаты -Елбасының еңбек жолы өткен Теміртау қаласына-75 жыл толып отыр.Екіншіден, 6-шы шілде  Нұр-Сұлтан қаласының туған күні,үшіншіден тағы бір қуанышты хабардың куәсі болуға мүкіндік бар.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Осыдан тұп-тура 60 жыл бұрын алғашқы жалғыз домна пеші өз жұмысын бастады.Ол тек қазақстанда ғана емес, Орта азиядағы бірден-бір қазандық болды.Бұл Қазақстан магниткасының туған күні.Тәжірибелі шеберлер мен   бірге Қазақстанның алғашқы шойынын балқытқан   жас металлург Нұрсұлтан  Назарбаев болатын.

Конференция барысында Елбасының бірге оқыған курстас достары мен замандастры, оның өмір жолдары жайлы естен кетпес естеліктер айтты.Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жастық шағының өзінде де, көшбасшылық қасиеттері мол болатын -деп еске алады олар.Ол, оқуда озат,ұжымның арасында үлкен абырой-биігінен көріне білген.   

Вадим НЕКЛЕСА, Каменскідегі жоғары кәсіби училищенің директоры  /Украина/:

- "Экранда қазір шағын мақаланың үзіндісі. Мұнда № 8 техникалық училищеде жас қазақ жігіттері металлург мамандығын оқыды. Нұрсұлтан Назарбаев әсіресе үлкен табыстарға қол жеткізді. Ол әрқашан достарына көмектесіп тұрады .

Төлеутай СҮЛЕЙМЕНОВ,  Елбасының замандасы:

- Шойын балқытудағы  температура қандай жоғары? Бірақ біз бәріне де, төзіп бақтық. Үлкендерден қажетті тәжірибе жинақтадық. Украинадан, Орал Магниткасынан,  келген тәжірибелі Металлургтер көп болды.Солардан көп нәрсені үйрендік.

Эдуард МИНИКЕС, ардагер-металлург:

- Ол күндерді ұмыту мүмкін емес, бұл көп жылғы көңілде жүрген, жинақталған тәжірибе. Назарбаевпен бірге  кезекті  ауысымды қалай қабылдағанымыз есімде. Нұрсұлтан Әбішұлы  үлкен  еңбек жолынан өтіп, жоғары биікке көтерілді.

Елдегі пандемиялық жағдайларға байланеысты осындай айтулы оқиғалар мен атаулы мерзімдерді жоғары дәрежеде атап өтуге мүмкіндік болмай отыр -деді,конференцияға қатысушылар. Бұл жақсы дәстүр одан әрі жалғасын табады -деді,олар.  

Вадим БАСИН,  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры:

-Дәстүр бойынша әрбір айтулы мерзім,мерейтойлық оқиғаларға толы.Бүгінгі күн ерекше мейрам.Бізде бұл барлық компания сайтында тікелей көрсетіледі.

 Дөңгелек үстел отырысы барысында аймақ жетекшісі Жеңіс Қасымбек барлық қатысушыларға зор денсаулық тіледі. Сондай-ақ, Жеңіс Махмұтұлы барша халықты  Нұр-Сұлтан қаласының 22 жылдық мерейтойы мен құттықтады.   

Сейітқали ӘШІМ 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар