ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЖАСТАР ҚОЛДАУДА

17:23, 7 қараша 2018

Кәсіптік техникалық білім алған студенттердің басым көпшілігі жұмысты жылдам табады. Бұған Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі дәлел. Бұл Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттарымен өтькен кездесуде мәлім болды. Шарада Елбасының жолдауы талқыланып, басты құжаттың маңыздылығы айтылды.

Кәсіптік техникалық білім берудің қазір маңыздылығы зор. Бұған Елбасыда жылдағы жолдауында ерекше екпін береді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жемісін де беруде. Мәселен тау-кен индустриалдық колледжінде  былтыр  оқу бітірген студенттердің 78 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасына қалалық мәслихаттың депутаттары да кездесу барысында тоқталды. 

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ,  Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Сөзі: Білім саласы қашанда біздің назарымызда. Елбасы бұл жолдауында да білім саласына айрықша екпін берді. Сондықтан сіздердің білім ғылымды ұштастырып, алға дамуларыңызға барлық жағдай жасалған.

Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде 4 мамандыққа оқытады. Бұл электрмен дәнекерлеуші, слесарь, сылақшы, әрлеуші секілді қазіргі танда сұранысқа ие мамандықтар. Аталмыш колледждің 1-ші курс студенті Әкім Бейсенов келесі жыл «Жастар жылы» болып жариялануы олар үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді дейді.

Әкім БЕЙСЕНОВ, колледж студенті:

-Біз де жастар Елбасының жолдауын естідік. Ойға біраз дүниені түйдік. Болашақта менде елімінің дамуы жолында еңбек етемін.

Кездесуде білім ордасының ұстаздар қауымы да өз ойларын ортаға салды. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялануы құптарлық бастама екендігін бірауыздан тілге тиек етті. Айта кету Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі бірнеше кәсіпорындармен, ұйымдармен әріптестік байланыста жұмыс істейді.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...