Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік алғаннан бері Қарағанды облысының экономикасы 23 есе өскенін атап өтті

Қарағанды облысы ел экономикасын дамытудың локомотивіне айналды. Облыс активімен кездесу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Ұлт көшбасшысы жылдан-жылға жемісті жұмыс жасап жатқан өндіріс орындарының қарқынына оң бағасын беріп, облыстың жаңа әкімі Ерлан Қошановқа тиісті тапсырмалар жүктеді

18:19, 15 наурыз 2017   401

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік алғаннан бері Қарағанды облысының  экономикасы 23 есе өскенін атап өтті.  «Жол картасы» аясында  аймағымызда 4 мыңнан аса адам еңбекке жұмылдырылды. Соңғы  5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция құйылып, индустрияландыру арқылы 72 нысаны іске қосылған. Келешекте тұралап тұрған өндіріс орындар жұмысын жандандырып, жаңа кәсіпорындар ашуды тапсырды,-мемлекет жетекшісі. 

Қазір Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингінің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» критерийі бойынша 35-орында екен. Көрсеткіш жаман емес, алайда  өңірлерде бұл бағытта  жұмыстар жемісті жалғасуы тиіс. Елбасы Қарағанды облысының жаңа әкіміне кәсіпкерлік аясын кеңейтіп, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытуды міндеттеді. Ауыл шаруашылығын субсидиялау мен  «Нұрлы жер» бағдарламасын  іске асыруды тапсырды. Алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында пайдаланылатын облыстың туристік әлеуетін ерекше атап өтті.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жүктелген тапсырманы облыс активімен бірлесіп орындайтынын айтты. Өңірдің әлеуметтік экономикасын дамытуда өзінің білімі мен тәжірибесін аямайтынын жеткізді.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25