Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» атты ұлттық телекөпір өтті

22:14, 6 желтоқсан 2017

Шара барысында онлайн режимінде бүкіл ел бойынша жаңа инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылды. Өңірімізден де келешегі зор, экологиялық жағынан тиімді кәсіпорын бастау алды

Телекөпір аясында жалпы сомасы 399 млрд теңгенің 18 жобасы іске қосылды. Оның арасында газ кептіру қондырғысы, алтын өңдеу, сүт зауыты секілді болашағы бекем кәсіпорындар жұмысын бастап отыр. Ақмола, Ақтөбе облыстарындағы нысандарға да Елбасы тікелей серпін беріп, қызметін бастауға сәттілік тіледі. Қарағанды облысынан   ескі көліктерді өңдейтін зауыт толықтай іске қосылып көпшілік назарына  ұсынылды. Бұл жоба  Ел Президентінің жоғары бағасына ие болды. Аталмыш зауыт Орталық Азиядағы теңдессіз кәсіпорын болып отыр.

Айдын НҰРАХМЕТОВ   «RecyclingCompany» ЖШС кеңесінің мүшесі

-Жаңа кәсіпорын  9 айда салынып бітті. Кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы. Біз ел экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосамыз деп уәде береміз. Толық өндірісті іске қосуға рұқсат берсеңіз.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ   Қазақстан Республикасының Президенті

-Тәуелсіздікке енді қадам басқанда Қазақстанда  700 мың автокөлік болды, қазір  жолдарда 5 млн-ға жуық көлік жүреді. Олар ескіріп қоршаған ортаны ластайды. Жұмыстарыңыздың әлеуеті зор. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу  өте маңызды, бұл өңдеудің жоғарғы деңгейі болып табылады. Зауыт құрылысының аяқталуымен құттықтаймын. Кәсіпорынды қосыңдар, жұмыс істеуді бастаймыз.

Ескі көліктерді жоятын зауыт Сарыарқа арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы. Балқытатын индукциялық пештің тәуліктік өнімділігі шамамен 120 автокөліктен 100-180 тонна аралығында металл алып, түрлі синтез-газ бен резеңке ұнтақтар шығару жоспарланған. Қолданыстан шыққан көлік құралдарының темірінен түсті металл қорытпаларын, шойын, болат, алюминий алу, көмірсутектер  өндіру бірнеше кезең арқылы жүзеге аспақ. Тікелей байланыс арқылы өткен телекөпірде  аталмыш компания ел Президентінің жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды. Кәсіпорын басшысына «Үздік инновациялық жоба» атты марапатты Мемлекет басшысының өзі тапсырды.  Қорыта келсек, ағымдағы жылы аймағымызда  700 миллиард теңгенің 80 жобасы жүзеге асып, 10 мың бос жұмыс орынын құру міндеттелген болатын. Жалпы алғанда, арнайы экономикалық аймақтар өңірлерде құрылғаннан бері 682 миллиард теңгенің 157 жобасы іске қосылған. Алдағы жылы Ел Президентінің тапсырмасымен тасын өрге сүйреген бұл кәсіпорындар жұмыссыздықты жойып, әлеуметтік әл ауқатты арттыруға серпін береді деген сенім бар.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...