Елбасы мақаласы-елдікке бастайды

Елбасының мақаласы барымызды бағалап, руани мәдени құндылықтарды әспеттеуге шақырады, - дейді Қарағанды қаласының актив мүшелері. Мінберде сөз сөйлеген педагогтер мен кәсіпкерлер, студенттер мақаланың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Оны жүзеге асыруда өз ұсыныс-тілектерін де ортаға салды

17:41, 17 сәуір 2017   281

Қарағанды қаласының активі Елбасының мақаласын қолдап, қызу талқылады.  Олар құжатта айтылған  «Туған жер» бағдарламасы  патриоттық  сезімнің шоғын үрлей түсетіні анық дейді. Ал «100 жаңа есім» жобасында елдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген зиялы қауымды күллі әлемге танытудың жолы болмақ. Ұстаздар мақалада жазылған  рухани құндылықтарға бағытталған білімге ерекше мән керу керектігін айтты.  Себебі 90 жылдары қазақстандық жастарды шетелге оқыту барысында қаншама қаржы жұмсалған. Алайда олардан ешқандай пайда болмады деп біледі. Сондықтан елім деп жүрегі соғатын рухани бай азаматтар тәрбиесіне қазірден бастап көңіл бөлуге шақырды. Актив мүшелері  Елбасы  міндеттеген тапсырмаларды орындауға бірлесіп ат салысу керектігін айтады. Мұнда тек билік өкілдері ғана емес, кәсіпкерлер мен  үкіметтік емес ұйымдардың да қолдауы қажет. Қазіргі мақсат мақаланы халыққа түсіндіріп, ақпараттандыру болмақ. Активке жиналғандар Елбасының мақаласындағы әр тарапты кеңінен баяндап, өз ұсыныстарын да айтып жатты. Жобаны  жүзеге асыруда енді жұмыла кірісіп, еңбек етпек ниетте.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25