ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕСІ

14:14, 13 тамыз 2019

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сонданда шалыс кеткен жақындарыңды фанатизм жолынан қалай қорғауға болады? Терроисттік ақпаратты насихаттамау үшін нені білу керек? Бүгін төтенше жағдай мамандарына осы тақырыпта арнайы семинар өтті

Қазір, қарапайым әлеуметтік желіде отырып, қай-қайдағы видеоларды оңды-солды тарата беретіндер көп. Онсызда уақытын ысырап ететіндер таратылып жатқан материалдардың кей тұстары заңға қайшы екенін біле бермейді. Ойнаймын деп, от басқандардың кей бірі тіпті істі болып та үлгерген. Сондықтан ақпаратқа абай болған жөн!

Жандос НЫҒМАН, Үштөбе ауылының бас имамы:

-Қазір барлығы интернетте отырады. Ондағы ақпарат ағымынан сақ болу керек. Мына хабарламаны таратсаң бақытты боласың деген мәтінде хабарламалар келіп жатады. Ал, онда біз түсінбейтін теріс пиғыл болуы мүмкін.

Әсіресе оң-солын танымаған жастардың санасын улау оңайдың оңайы. Сондықтанда өмірлік көзқарасы қалыптаспаған жастар көбінесе арам ниеттілердің теріс пиғылының құрбаны болып кетіп жатады. Ол үшін балалардың діни сауатын тек мешітте ашып, түсінігі ата-аналарының қадағалуымен қалыптасқаны дұрыс.

Жандос НЫҒМАН, Үштөбе ауылының бас имамы:

-Кез-келген ақпаратты тек ҚМДБ-нан алу керек. Солар ұсынған кітапты, видеоны көру керек. Міне бұл дұрыс болады. Басқа ақпараттық ағымға ілесіп қажет емес. Мешітке келсе имамдар түсіндіріп береді.

 «Дін және қазақстандық патриотизм» ТЖ мамандарымен кездесу-семинарының тақырыбы дәл осылай аталады. Мамандар зайырлы қоғамда конфессияаралық келісіммен діни толеранттылықты сақтаудың негізігі жолдарын жеткізді.

Дмитрий ВАСЬКОВСКИЙ, ТЖБ өртке қарсы бөлім басшысы:

-Қызықты семинар. Өзім де көп жаңа дүниені білдім. Өзің мемлекеттік қызметкер болып жүрпгенде және басқа уақытта қандай болуың керек екенін айтты. Қорғану жолын барлығы білгені дұрыс деп есептеймін.

Айта кету керек, мұндай кездесулер Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының мамандары тарапынан әлі де өткізілетін болады.  

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар