«ЭКСПО» - балалар көзімен

18:38, 28 сәуір 2017

Қарағандыда ең үздік жобалар байқауының қортындысы жарияланды. Жасөспірімдерге болашақтың энергиясы қандай болатынын көрсету ұсынылды

Байқауға ұсынылған пішіндер жобасы – «ЭКСПО» көрмесіне қаңтар айынан бастап Астанада қабылдана бастады. Төрт ай бойы ұйымдастырушылар 25 жұмысты қабылдаған. Үй іспеттес, ғарыш кемелері жасыл технологиялар жұмыстары ұсынылған. Оларды балалар үйінің тәрбиеленушілері, көз ауруына шалдыққан балаларға арналған мектеп-интернет оқушылары әзірлеген. Бірінші орын иегері Руслан Тумаев бір аптаның ішінде экологиялық өнім шығаратын тұтас бір ферманың жұмысын көрсеткен

Руслан ТУМАЕВ, байқауға қатысушы

Мен онда ұн шығаратын диірменді дәріптедім. Зауытта өнімді қайта өндеу жұмыстарына тоқталдым.

Қатысушы, Әділ Әлібеков, ЭКСПОҒА-Астананы тарту еткен . Оның бұл жұмысы бас жүлдеге ие болды.

Әділ Әлібеков, байқауға қатысушы

Қол өнер бұйымдарынан қағаздар, қатырма қағаз, құтылардан және күрішпен қарақұмықтан бұйымдар әзірледім. Күн сәулесі арқылы барлық нысан энергия қуатын алады.

Балалар қиялы шексіз. Оны әділқазылар да нақтылады. Жеңімпаздарды анықтау үлкен қиындықтар тудырды. Балалардың жас шамасы да әртүрлі және олар әзірлеген техникалар да әрқилы.

Дәмелі ҚЫДЫРҚҰЛОВА, әділқазылар алқасының мүшесі

ЭКСПО-ны балалар көзімен көру қызықты. Олардың үлкендерге қарағанда, қиал әлеміне бойлайтыны белгілі. Тіпті көптеген суретшілер балалар туындыларына қарап,небір  идеяларды алады.

Қатысушылардың ешқайсысы да марапаттан құр қалмады. Олардың жұмыстары өз бағасын алды. Жоғары марапатқа ие болғандар бағалы сыйлықтарды иеленді. Ал, жұмысы финалға шықпағандар грамоталар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Тосын сыйлар мұнымен біткен жоқ. Балаларға арнап концерт қойылды.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар