ЕКПЕ –СЕНІМДІ ҚОРҒАНЫС

17:16, 5 қыркүйек 2019

Қарағанды облысында соңғы 20 жылда туберкулезбен ауыратындар саны 3 есеге азайса, ал өлім-жітім 11 есеге төмендеген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық брифингінде мәлім болды

Бүгінде ҚР Үкіметі ұлттық егу күнтізбесін бекітіп үлгерген.Сәйкесінше 19 жұқпалы ауруға қарсы  вакцина жасалады. Жалпы Қазақстанда  туберкулез дертін  алдын алуға байланысты 700 мыңға жуық бала екпе қабылдайды.Ал аймақта  жаңа туған  22 мыңнан астам нәрестеге  егу шаралары жүргізіледі.

Гүлжан БАЙҒҰТАНОВА, сапа және қызметтерді бақылау департаменті басшысының орынбасары:

-Соңғы жылдары Қазақстандағы балаларды иммундау үшін Жапонияның  вакцинасы сәтті қолданылды. Алайда, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жапондық өндіруші 35 елден 33 вакцина сериясын қайтарып алу туралы хабарлаған болатын. Оның ішінде Қазақстан Республикасына осы вакцинаның 5 сериясы жеткізілді. БЦЖ вакцинасын кері қайтарып алуының басты  себебі-өндірушінің қаптау процесінде  еріткіштегі бөгде заттардың анықталғандығы. Бүгінгі күні елімізде туберкулезге қарсы вакцинация басқа екпе  алынғанға дейін тоқтатылды.

Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі қауіпсіз және тиімді вакцинамен қамтмасыз ету бойынша  қажетті шараларды қабылдауда.Жақында Үндістандық дәрілері сатып алынады. Бұған кемінде 2-3 ай уақыт кететінін анық.

Гүлжан БАЙҒҰТАНОВА, сапа және қызметтерді бақылау департаменті басшысының орынбасары:

-Осы сауалға байланысты, жоспарлы түрде туберкулезге қарсы вакцина ала алмайтын балалардың ата-аналарына ескерткім келеді. Өйткені  екпені алу қайтадан басталуда. Сондықтан барлық ата-аналар жоспарлы вакина салдыру үшін тиісті мүмкіндіктерді қолдануларыңызды сұраймыз.

Мамандар былтыр елімізде былтыр қараша айынан бастап  қызылша ауруының күрт өскенін айтады мамандар.Дендеген дерт  өкпенің қабынуы және  энцефалит сияқты асқынулармен өте қауіпті.Ал медициналық көмекке кешеуілдеп  жүгінгеннің салдары   өлімге әкеп соқтыру мүмкін.Қарағанды облысында аталған індетке қатысты  200 дерек тіркелген. Бұл кеселден  қорғанудың жолы  екпе болып табылады.

Гүлжан БАЙҒҰТАНОВА, сапа және қызметтерді бақылау департаменті басшысының орынбасары:

-Асқынған аурудың  негізгі үлес салмағын бір  жастағы балалар алып отыр. Сондықтан 2019 жылдың сәуірінен бастап 9-10 айлық сәбилерді егу басталды. Бүгінгі таңда, ересектер арасында негізгі зақымдану тобы 20-29 жас аралығындағы жастар. Қыркүйек айында  осы жастағы адамдарды қосымша иммундау жүргізілетіндігі туралы шешім қабылданды. Дәл қазіргі күні  8 мыңнан астам бала мен 5 мың медицина қызметкері екпе алды.

Айта кету керек, әлемдік фармацевтикалық нарыққа жеткізілетін барлық вакциналар лицензия алды сынақтардан өтеді. Қауіпсіздік, белсенділік және фармакологиялық тазалық үшін  дәрілердің әрбір сериясы тестіленеді және тексеріледі. Мұндай мониторинг вакцинацияға байланысты ықтимал тәуекелдерді анықтауды қамтамасыз етуге көмектеседі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар