ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

16:36, 15 қараша 2019

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Васюлис Гинтаутаспен кездесті. Дипломатпен бірге Паневежис қаласының мэрі Миколас Ритис бастаған литвалық бизнесмендер делегациясы келді

Ресми қабылдауда экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Делегация құрамында азық-түлік өнеркәсібі, қонақ үй бизнесі, логистика және басқа салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер болды. Экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздеген басқосуда қос тараптың мүмкіндіктері айтылып, айқын міндеттер айшықталды.

Васюлис ГИНТАУТАС, Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

-Біз өңірлік деңгейде ынтымақтастықты күшейтуді жөн көрдік.  Қарағанды облысы - ірі индустриялық аймақ. - Біз өзімізді Қазақстан мен қазақстандық өндірушілер үшін Еуропаға шығар терезе ретінде көреміз. Ал Қазақстанды Орталық Азияға, Еуразиялық экономикалық одақ және біздің өндірушілер үшін Қытайға шығар терезе сияқты көреміз.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Литва Республикасы Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады.  2018 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы шамамен 4 млрд АҚШ долларын құрады. Біздің облыстың өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне, оның ішінде Литваға экспортталады. Алайда Сіздердің елдеріңізбен тауар айналымы айтарлықтай үлкен емес - 2,4 млн АҚШ доллары. Менің ойымша, бұл салада әлеует әлдеқайда жоғары, арттыруға мүмкіндік жеткілікті.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар