ЭКОЛОГИЯ ҚАЙТСЕ ЖАҚСАРАДЫ?

16:54, 6 тамыз 2019

Балқаш қаласының экологиялық жағдайын енді онлайн арқылы білуге болады. Ол арнайы көреткіш құрылғылары арқылы монитор бетіне шығарылады. Жуырда өткен қоғамдық тыңдалымға Қарағанды облыстық мәслихаттық депутаттары қатысып, жаңа кешенді жоспар талқылады. Онда экологиялық жағдайдың жақсаруына арналған бірнеше мәселелер қаралды

Өткен жылы қыркүйек айында Елбасы әлеуметтік пен мәдени нысандарды және аймақтық өндіріс ошақтарын аралап, қоғам белсенділерімен кездескен еді. Жиын барасында тұңғыш президент нақты тапсырмалар да берді. Соның бірі – экологиялық жағдайды жақсарту мақсатындағы кешенді жоспаржасау. Аталған мәселенің  жұмыс барысыауқымды отырыста талқыға түсті.

«Экологиялық жағдайды жақсарту» жайлы обылыста кешенді жоспар бекітілген. Ол 9 бағыттан тұрады.Басты міндеттер үлкен кәсіпорындарына жүктелген.  Жиын барысында «Қазақмыс» өндірісінің өкілі 1 мрл. Теңгеден  астамқаржыны экологияны жақсарту мақсатында жұмсалғаны айтылды.

Бұдан өзге, байыту фабрикасы қалдық қоймаларынан тазартылған суды қайта пайдалануға кірісті. Бұл көлден шамамен 18 миллион текше метр су үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құрамында зиянды заттар бар жабдықты жоятын және кәдеге жарататын арнайы  дренаждың құрылысы басталып кетті.

Шаң жинайтын аймақта бес сүзгі орнатужоспарлануда. Алдағы уақытта Балқаш қаласының экологиялық ахуалын онлайн-бақылауға енгізеді. Сенсорлық деректерді монитордан  кез-келген тұрғын көре алатын болады.

Қазіргі таңда Балқаш пен Приозерск қаласында рұқсат етілген қоқыс полигондары жоқ. Тіпті,  қолданыстағы заңнама талапқа және нормаға сай келмейді.

Қанат МҰСАПАРБЕКОВ, Қарағанды облыстық экология департаментінің басшысы:

-Мемлекеттік органдармен, халықпен ақылдасып сол сұрақтарды келешекте шешуге тырысамыз. Және қағаз күйінде мәселелер бар. Бірақ қағазда қалмай, көзбен көріп, соны қалай шешу жолдарын бүгін қарастыруымыз керек.»

Отырыстың қорытындысы бойынша осы аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Айман САҒАТАЙ

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар