ЭКОЧЕЛЛЕНДЖДІ ҚОЛДАЙЫҚ

16:58, 23 шілде 2019

Алдымыздағы сенбі, яғни 27- шілде күні Қазақстанда жалпы экологиялық акция өтеді. Сондай-ақ қарағандылықтарды экочелленджге қолдау көрсетіп, елді мекендер, су қоймалары мен өзен арнасының жағалауларын, қоқыс төгу полигондарын және орман отырғызу алаңдарын қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығуға шақырады

Естеріңізге сала кетейік, #birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы туралы Twitter бетінде экология министрі Мағзұм Мырзағалиев жариялады. Бұл бастаманы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қолдады.

-Премьер-министр Қоянды су қоймасын тазалауға қатысты. Бұл челлендж-жақсы іс. Менің ойымша, акцияға қатысуымыз керек. Табиғатты таза ету керек, - деді аймақ басшысы. Осыған орай  Ұйымдастырушылар сенбілікке барлық қарағандылықтарды шақырады. 
Акцияны өткізу орны мен уақыты туралы сұрақтар туындаса, Қарағанды қаласының экологиялық сенбілікті ұйымдастыру жөніндегі штабына 56-41-27 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар