ӘКІМНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

16:44, 14 қараша 2019

Жанданып жатқан Жаңаарқа. Қазір аудан орталығында құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Сондай – ақ, мұнда кәсіпкерлік саласы да бір жолға қойылған. Жаңаарқалықтардың игілікті бастамаларымен облыс әкімі Жеңіс Қасымбек арнайы танысып қайтты. Аймақ басшысы ауданның маңызды кәсіпорындарын көріп, оң бағасын да берді

«ЖаңаНұр» шағын ауданында 12 үйдің іргесі қаланбақ. Болашақта мұнда әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді. Аталған мақсатқа мемлекет бюджетінен 461 миллион теңге көлемінде қаржы да қарастырылып отыр. Сондай – ақ, 2020 жылдары елді мекенде үш қабатты тағы екі үйдің құрылысы қолға алынады деп жоспарлануда. Ол үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы қолайлы жағдай туғызуда.

Бақытжан МҰҚАНОВ, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары:

-Бұл қаржыға 7 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Қазіргі таңдасол 7 үйдің - 2 - уі пайдалануға беріледі,қалған 5-уі келесі жылға өтпелі болып саналады. Және дереспубликалық бюджеттен бөлінген қаржыға 20 көпбалалы анаға тұрғын үй сатып алынды. Келесі жылға да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жоспарларымыз бар. Инфрақұрылым дамытуға да қаржы бөлініп отыр, 131 миллион. Ол ақшаға су, кәріз жүйелері тартылады.

Сондай – ақ  ауданда толғақты мәселелер оң шешімін тапқан. Атап айтқанда ағымдағы жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 20 көпбалалы жанұя баспаналы болды. Жыл соңында тағы 4 отбасыға жаңа шағын ауданнан пәтер кілті табыс етілмек.  Дегенмен, тұрғын үй сұрағын шешпеген әлі 75 көпбалалы отбасы бар көрінеді. Жалпы, мұнда 880 адам үй кезегінде тұр.

Дәстүріне берік Жаңаарқалықтар кәсіпкерлікті де қатар алып жүр. Аймақ басшысы ауданның бетке ұстар бизнес өкілдерімен кездесіп, жүйелі еңбектің жемісімен танысты. Кәсіпкерлікте қанатын кеңге жайған аудан тұрғындары түрлі салаға бет бұрған. Бірі – нан өнімдерін шығарып, нәпақа тапса, басқалары заманауи технологияларды тиімді пайдаланып, пластик өнімдерін шығарады. Өткен жылдың өзінде жас бизнес өкілдерін қолдау мақсатына аудан басшылығы 4 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант бөлген. Алдағы уақытта тағы, 500 мың теңгеден – 10 грант тағайындауды қолға алуда.

Кәсіпті сәтті дөңгелеткендер қатарында «Арқа Құрылыс» компаниясы да бар. Мұнда асфальт пен қиыршық тастар шығарылады. Өткен жылдың өзінде жол құрылысына қажетті 300 тоннадан аса өнім пайдалануға берілген. Өндіріс материалдары республикалық маңызы бар жолдарға қолданылған.

Кемал МҰҚАНОВ, «Арқа Құрылыс» ЖШС бас инженері:

-Екі зауытымыз жұмыс істеп тұр. Біреуі қиыршық шығарса, екіншісі асфальт шығарады. Республикалық жолдарға, мәселен Қаражалдағы 60 шақырымды жөндегенде, асфальтты, щебеньді, бәрін бізден алды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Жалпы 175 млрд теңге жолдарға бағытталған. Балқашқа баратын жол, Жезқазғанға баратын жол жөнделмек.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі газ құбырларын тарту барысымен де танысты. Сондай – ақ, аймақ басшысы жергілікті ауруханаға да бас бұрып, емдеу мекемесінің тынысынан хабардар болды. Қаһарлы қыста тұрғындарды жылумен қамтуға қамданған қазандық жағдайы да Жеңіс Махмұдұлының бақылауынан сырт қалмады.  Бұдан бөлек, аграрлық сектор жайы да сүзгіден өтті. Кездесу барысында тұрғындар субсидия төңірегінде туындаған мәселелерді сұрап-білді.Ол жөнінде облыс басшысы былай деді:

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Дұрыстап көрдік. Жақсы. Шаруашылық та жақсы.. Еңбектеріңізге көп рахмет. Сіз айтқан субсидия мәселесі келесі аптада шешіледі. Өзіміздің тарапымыздан 1 млрд облысқа береміз. Қосымша Республикадан қаражат керек. Бір - екі айдың ішінде толығымен міндеттемелердің барлығыі шешілетін болады.

Қазіргі таңда 40 мыңға тарта  тұрғыны тіркелген Жаңаарқа ауданында  12 ауылдық округ және 2 кент бар.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар