ӘКІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

13:34, 15 сәуір 2019

Әрбір қазақстандық мемлекеттік қолдау мен өзінің құқықтарын білу керек. Бұл бағытта жергілікті атқарушы билікке артылар міндет зор. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комисияның пікірі осындай. Сондықтан сарапшылар облысқа қарасты ауыл әкімдеріне тренинг өткізді

Трениг өткізген ұлттық комиссияның құрамында әр саладан құралған сарапшылар бар. Олар әр азамат заңға негізделген  өз құқығын біліп, неғұрлым сауатты болу керек,- дейді.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде халықтың аз қамтылған бөлігінің табысын арттырып қолдауға тапсырма берді. Атаулы әлеуметтік көмектің шарттары да өзгерді. Алайда құжат жинап тапсыруда туындап жатқан сұрақтар сансыз. Сондықтан  жергілікті ауыл әкімдері халыққа  дұрыс ақпарат беріп, насихат жұмыстарын жүргізу маңызды.  

Бексұлтан ТҮКҮШЕВ, Әйелдер істері және отбасылық  ұлттық комисияның мүшесі:

-Үкімет Парламент бар. Ол жоғарғы заң шығарады. Бірақ сол заңды адамдарға жеткізу үшін аудандық әкімдер мен мәслихат бар. Соны білу үшін, оны айту керек, үйрету керек.

Қоғамда әйелдері еліміздің саяси қоғамдық өміріне тарту керек. Бұл ұлттық комисия мүшелерінің пікірі. Қарағанды облысында депутат нәзікжандылардың үлесі 41 пайыз ал, қала, аудан, ауыл әкімдері мен орынбасарларының үлесі 49 пайзды құрайды.

Жасұлан ҚАСЫМ, Шет ауданы Ақой ауылының әкімі:

-Біздің ауылдық округте шағын ауыл әкімдік апараты . Сол жанағы гендрлік саясат аясында болғаннан соң біздің апаратта 3 еркек, 3 әйел адам жұмыс істейді. Сондықтан осыдан белгілі ғой тең құқық екені. Әйелдер қолынан келмейді деген заң аясында қате түсінік.

Тренигтен алған тәлімдерін енді ауыл әкімдері тұрғындарға жеткізіп, түсіндіру керек. Мемлекеттік қолдауды алуға көмек көрсетіп, барынша ақпараттандырулары тиіс.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар