ӘКІМ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН СПАРТАКИАДА

15:06, 16 мамыр 2019

Қарағанды қаласында көру, есту қабілеті төмен спортшылар арасында республикалық спартакиада басталды. Оған өңірімізден жүзге жуық мүмкіндігі шектеулі жандары қатысуда

Спартакиада 2 күн өтеді.  Осы аралықта  есту, көру қабілеті төмен және тірек-қимыл аппараты зақымдалған мүгедек ЖАНДАР  спорттың 5 түрінен сынға түседі.

Дмитрий КАРПОВ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

-Мемлекет тарапынан үнемі жасалып жатқан қолдаудың арқасында спорт саласы дамып келеді. Паралимпиаданың ұлттық құрамасында 87 Қарағандылық спортшының болуы біз үшін мақтаныш. Әлемдік аренада еліміздің көк байрағын желбіретіп жүрген спортшылардың арасынан жерлестеріміз орын алады деген сенімдеміз.

Атап айтқанда, есту қабілеті төмен  жандар  шағын-футболдан сайысқа түседі. Ал,  тірек-қимыл аппараты зақымдалған мүгедектер арасында жеңіл атлетика мен үстел теннисінен үздіктер анықталады.  Сонымен қатар, көру қабілеті нашар спортшылар тоғызқұмалақ пен дойбыдан тартысқа түседі.

Жанат ЖҰМАБЕКОВ, облыстық мүгедектерге арналған спорт мектебі директорының орынбасары:

-Спартакиадаға 16 команда, яғни 8 қала мен 8 ауданнан қатысушылар бар. Қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық сайысқа осы жерден озып шығып, іріктеуден өткендерді жібереміз. Осы жарыс арқылы облыстық құрама бекітілетін болады.

Жеті жылдан бері арбаға таңылған Анна Генинк аталмыш спартакиадаға осымен төртінші рет қатысып отыр. Үнемі жаттығу залында спортпен шынығудан тынбай Анна осы жарыстың былтырға жеңімпаздарының бірі. Спортшы, биыл да  топ жаратынына сенімдім. 

Анна ГЕНИНК, спартакиадаға қатысушы:

-Арбада отырып, құр қол қусырып қалған күндерім де болды. Бірақ, спортқа бет бұрып, жаттығу залына уақыт бөлген сайын көптеген өзгерістер бола бастады. Мүгедек жандар үшін денсаулықтың қалыпқа келуі қандай болса, спорттың да тигізер пайдасы орасан. Сондықтан, бұл жарыс арқылы дос тауып қана қоймай, қоғамға пайдамды тигіземін.

Мұндай спорттық басқосу  - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға  жол ашады- дейді жарысты ұйымдастырушылар.   Спартакиада жеңімпаздары сый-сияпатпен марапатталады.   

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар