ӘКІМ ЖӘНЕ ДЕПУТАТ

17:05, 6 қараша 2019

Аймақтың толғақты сұрақтарын бірге шешейік.. Облыстық мәслихат депутаттары облыс әкіміне осындай ұсыныс білдірді. Сондай – ақ, халық қалаулылары Жеңіс Қасымбекпен бірлесе аудандардың дамуы мен білім беру, денсаулық сақтау салаларының маңызды сауалдарын талқыға салды

Бүгін Қарағанды облыстық мәслихат депутаттары аймақ басшысы Жеңіс Қасымбекпен кездесті. Жиын барысында ашық әңгіме, өткір сауалдар, нақты жауаптар көрініс тапты. Соның ішінде халықтың әл – ауқатын жақсарту мәселелеріне басымдық берілді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Келер жылға отыз жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.Бұл ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін бюджеттен 11 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Сондай - ақ, республикалық бюджеттің үлесі де зор екенін атап өткен жөн. 7,8 млрд теңге. Жоба 7 қала мен 12 ауыл - аймақты қамтиды.

Облыстық мәслихат депутаттары өмірдің сан – саласына бір тоқталды. Соның ішінде ел игілігі үшін маңызды рөл атқаратын ауыз – су, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй секілді өзекті тақырыптар көтерілді. Осы орайда бюджеттің басым бөлігін аталған салаларға бағыттау керектігі де айтылды.

Жомарт ТАЛАСПЕКОВ,  облыстық мәслихат депутаты:

- Ұсынылған облыстық бюджет жобасының қажеттіліктері  облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы ескеріле отырып жүргізілетініне назар аударғым келеді. Мемлекет басшысының стратегиялық мақсаттарын іске асыру үшін қаражат қарастырылған жағдайда әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын шығындар көлемі үнемделеді. Бюджет әлеуметтік бағытты сақтауды жалғастыруда, әлеуметтік қамсыздандыру шығыстары жалпы облыстық бюджеттің 30% -ын құрады

Алқалы отырыста экологиялық мәселелер де назардан тыс қалмады.

Шамиль ОСИН,  облыстық мәслихат депутаты:

- Біз комиссиямен екі жыл бірге іс-сапарларға шықтық.  Биыл   Балқаш қаласында болдық, Туристік кластер дамуда, тиісті қаражат бөлінуде. Біздің өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту, ауылшаруашылығы мәселелері және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссиямыз осы мақсаттарға қаражат көлемін көбейту мүмкіндігін   қарастыруды ұсынады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Өте орынды. 1 миллиард теңгенің жеткіліксіз екенін түсінеміз, бірақ жаңа Экологиялық кодексті ескере отырып, біз сізге бір жыл ішінде келіп, осы көрсеткіштерді қайта қарастырамыз.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары тұрақты комиссия отырыстарында аймақтың көптеген мәселелерін қарайды. Артынша халық қалаулыларының ұсынымдары мемлекеттік органдарға жолданады. Сондай – ақ, олар қалалар мен аудандарға барып, мектептер мен колледждерді, ауруханаларды аралап, туындаған мәселені жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешеді.

Серік ӨТЕШОВ, облыстық мәслихат хатшысы:

- Осындай қолдау мен өзара түсіністік арқылы баршамыздың ортақ жұмыс атқарып отырғанымызды аңғарамыз. Облыс тұрғындарының ахуалын арттыруға жұмыс істеп,  туындаған және шешілуі қажет мәселелерді жедел реттеуге жол ашады.

Облыс әкімі мен депутаттар 1,5 сағатқа жуық өзекті мәселелерді талқыға салды. Оның ішінде, мұғалімдер мен  дәрігерлердің жетіспеушілгін бір жақты ету, денешынықтыру мен сауықтыру кешендерін салу мен  еріктілерге көбірек көңіл бөлуге басымдық беру жөнінде кеңінен айтылды. 

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар