ӘКІМ ОРМАН ӨРТІН БАҚЫЛАДЫ

18:56, 14 тамыз 2019

Облыс әкімі Ерлан Қошанов Қарқаралы ауданына қарасты өрт жалмаған алқаптарды өз көзімен көріп қайтты. Шұғыл сапарында аймақ басшысы тілсіз жау жалмаған жер телімдерінің жағдайымен танысып, жауапты органдарға тез арада шара қолдануды тапсырды. Сондай – ақ, Ерлан Жақанұлы ол үшін барлық техника мен мүмкіндік жеткілікті екенін де атап өтті

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат саябағының Бақты орманды өлкесіндегі өртенген алқаптың жалпы аумағы 2,5 мың гектарға жетті. Соның шамамен 30 пайыздан астамы тоғайлы жерлер. Күннің ыстығы мен күшті желдің соғуынан тілсіз жау ырық бермеуде,-дейді төтенше жағдай қызметкерлері. Қазір оқиға орнында  170 өрт сөндіруші мен 27 техника жұмыс істеп жатыр. Ал бүгін өртті сөндіруге жәрдемдесуге Ұлттық ұланға қарасты 52859 әскери бөлімінен 85 сарбаз бен 7 техника жіберілді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар