ӘКІМ ҚАБЫЛАДУЫ

15:45, 15 қаңтар 2020

Қарағандылықтарды әлі де балалар алаңқайының тапшылығы, әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй мәселелері алаңдатады. Бүгін облыс әкімі Жеңіс ҚАсымбек «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың сауалдарына жауап берді

Мағрифа Карибекова ардагер ұстаз. Негізгі жұмысынан өзге Қарағандыда тұңғыш авиация және косманафтика музейін ашқан. Не бары 69 шаршы метр жерге жайылған көрмеде құнды деректер көп. Алайда, қажыры мен қайраты қайтқан қария қаржылай көмек болмаса музйедің көрер күні аз қалды деп налиды. Оған облыс әкімі сөзссіз көмек береміз деп уағдаласты.

Мағрифа КАРИБЕКОВА, ардагер ұстаз:

-Тұрған жері де кішкентай мектеп. Кішкене үлкен орын болса.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Сіз кішкене үлкейтіп, орын сұрап отырсызғой. Нұрлан Ерікбайұлы көмек көрсетейік. Тек РЖ бағдарламасы аясында емес, жұмыс істеп тұрған музей ретінде қарап көрейік.

Ал, Мұқашев Саламат Қарағандыға инвестиция құйып жаңа мамандандырылған ХҚКО-ын ашуға ниетті. Алайда, бұл тарапта бірқатар заңдық кедергілер бар. Оның үстіне электронды үкіметтің дамығаны сонша, алдағы уақытта ХҚКО-на келу көрсеткіші төмендеуі мүмкін. Бұл тарапта азаматқа қай салаға барған ұтымды екенін мамандар тәптүштеп түсіндіріп берді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

  • Біз қазір бұл кісіге көмектесіп, жүру жолын салып берсек, ертең еуропалық стандарт ретінде қалаішінде жүру туралы енгізуі мүмкін ғой, оны дұрыстап түсіндіру керек.

Қарағанды облысының қоғамдық қабылауына бас аяғы 15-ке жуық азамат жазылыпты. Облыс әкімі баршасын мұқият тыңдап кей бір мәселені қолма қол шешіп берсе, енді бірін қадағалауға алатынын жеткізді. Естеріңізге салсақ, осыған дейін Жеңіс Махмудұлы аймақтардан келетін азаматтардың мәселесінде шешілмейтін түйін жоқ, сондықтан жергілікті әкімдер азаматтардың арыз-шағымдарына құлақ түріп, оны шешіп беруге ықпласдасуын тапсырған болатын.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар