ӘКІМ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

16:17, 18 қыркүйек 2018

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыс орталығындағы маңызды бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Оның ішінде, «7-20-25» бағдарламасы аясында берілетін тұрғын үй құрылысымен танысып, заманауи үлгідегі аурухана мен балабақшада болды. Сондай ақ, өңір әкімі бірнеше гүлзарларға барып, тынығып жүрген халықпен емен-жарқын әңгімелесті

Облыс әкімі алдымен, Оңтүстік ықшам ауданда бой көтеріп жатқан көтерме сауда орталығының құрылысымен танысты. Мұнда, «Альфарух» ЖШС заманауи үлгідегі нысанды іске қосуға даярлық үстінде. Аймақ басшысы, жаңа логистикалық көтерме сауда орталығын да көріп шықты. Мұнда, азық-түлік сақтайтын озық технологиялық мұздатқыш қоймалар толығымен жабдықталған. Бүгінде, жобаның 93 пайызы аяқталған.

Найль МУНАСИПОВ, «Альфарух» ЖШС коммерциялық директоры:

-8 камера үлкен көлемде орналасқан. Қараша айына бейін жұмыс аяқталуы тиіс. Біз, логистикалық орталықтың қажеттілігін сезіндік. Жоба 10 миллиард теңгені құраған. Қалыпты температураны кез келген қойма сақтап тұратын болады.

Ерлан Қошанов орталықтағы биылға жоспарлғанған «100 аула» бағдарламасының қаншалықты  өз нәтижесін бергенін де назарға алды. Сонымен қатар, Степной ықшамауданындағы бірқатар көшелерді аралап шықты.

Сондай-ақ, облыс әкімі жаңадан салынған саябақты аралады. Мұнда, Ерлан Қошанов тынығып жүрген халықпен емен-жарқын әңгімелесіп, тұрғындардың тілегін тыңдады. Күтпеген жерден аймақ басшысын гүлзардан көріп, тілдескен жұрт, Гапеев көшесіне сән берген саябақ үшін алғыстарын білдірді.

Гүлшат АМАНЖОЛОВА, қала тұрғыны:

-Көп рахмет. Бұрын осы жер үнемі жайсыз болып жататын. Қазір жаңа саябақ. Өте тамаша. Шыны керек, біз қуаныштымыз. Осындай жерде тынығатынымызға.

Ерлан Жақанұлы, сондай ақ, «Дарынды бала»  бақшасының ішкі тынысымен танысты. Мұнда білім бөлімі басшылары қысқаша есеп беріп, сандық технологияға көшудегі істерге тоқталды. Балабақша бүлдіршіндері де аймақ басшысының келуіне зор қуаныштарын білдіріп, облыс әкімін әнмен қарсы алды. Замануи үлгіде, кешенді орталыққа айналған балабақша балғындардың ой өрісін дамытуға күш салып келеді.

Облыс әкімі, жаңадан бой көтеріп жатқан көпқабатты үй құрылысын да бақылап шықты. Бұл аумаққа 16-18 қабатты 188 баспана салынуда. Оның 128 «7-20»25» бағдарламасы аясында келер жылы ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Облыс әкіміне бүгінгі қызу жұмыс қарқынымен таныстырған мердігер компания басшысы Дархан Сәдуақас Елбасы бағдарламасының өндірісті өрлетуге жол ашқанына қуанышты.

Дархан СӘДУАҚАС,  «Қарағанды» тұрғын-үй кешенінің директоры:

- Бағдарлама аясында баспана алатындарға мүмкіндік көбейді. Степной 3 көшесінен бөлек, Карбышев көшесінде көпқабатты үй салынуда.  Енді, барлық құрылыс компаниялары бірлесе отырып, озық үлгідегі түрлі спорттық ойындар өткізуге болатын алаңды халыққа тарту етуді жоспарлап отырмыз.

Қарағандыда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында денсаулық сақтау саласында жоба жүзеге асырылуда. Можайский көшесіндегі бұрынғы бизнес орталығы ғимаратында №8 емхана ашылды.  Ерлан Жақанұлы бұл мекемеге де атбасын бұрды. Жаңа жоба алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Инвестиция құны 440 млн.теңгені құрады. Емхана бір ауысымда 150 адамға шақталған.

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, Денсаулық сақтау басқармасының басқармасы жетекшісі:

-Бұл мекеме тұрғынның тіркелген емханасына барып уақыт жоғалтпауға, осында келіп ем қабылдауға мүмкіндік береді. Қазір 20 000 тұрғын тірке жоспарланды. Ал, алдағы уақытта 30000 адамға дейін жеткізу көзделді.

Осылайша, облыс әкімі әр нысан, участкені аралау барысында кездескен  кемшіліктер мен қосымша міндеттерді сала басшыларына қалыпқа келтіруді жүктеді. Айта кетелік,  «7-20-25» бағдарламасы аясында облыс орталығы келер жылы 260 пәтерді тұрғындарға табыстаса, алдағы бес жылда 5000-ға жуық отбасы баспанамен қамтылмақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар