Екі жыл қатарынан Абай қаласындағы шағын аудан тұрғындарын омбы қар әбігерге салуда

Салдарынан көктемде еріген қар суы аулаларға жиналып, көпқабатты үйлердің жертөлелеріне ағады. Халық ақ ұлпаны тазалауға жүрдім-бардым қараған жауаптыларға наразы

19:01, 17 ақпан 2017   210

Биылғы қыс бұрқасын бораны, үскірік аязымен есте қалды. Тіпті толассыз түскен қардың қалыңдығы адам бойынан асып кетеді. Ауыл-аймақты айтып алыс бармай –ақ қоялық. Қарағандыға қанаттас жатқан Ақтас кентінде таудай қар үйліп жатыр. Уақыт тым қысқа. Екі аптадан кейін көктем келеді. Бірақ апат айтып келмейді. Сонда үйілген ақ ұлпалар көл-көсір суға айналады.

Өткен жылы Абайдағы шағын аудандағы еріген қардың суы трансфарматордың  кәріс жүйесіне  құйылған еді. Есесіне, бірнеше күн тұрғындар жарықсыз қалды. Себебі тоқ көзіне тіршілік нәрі тиіп кеткен соң еріксіз электр энергиясы ажыратылды. Көп қабатты үйлердің іргетасы шайылып кете жаздады. Кейбір пәтерлер көгеріп дымқылданды.

Қардың тазаланбағанына абайлықтар қатты алаңдайды. Егер күн күрт жылынса, шағын ауданды су шайып кетуі   ықтимал дейді тұрғындар. Қазір әлеумет екі жыл бұрынғы төтенше жағдай қайталана ма деп күй кешуде. 

Фарида МАРТЫНОВА  

Мен Қарағандыдағы жұмысымнан қайтып кешкілік үйге келгеніміде қайда барарымды білмей дал болдым.Айналам шалшық суға толы. Сондай жағдайдыда бастан өткердік.

Галина НЕХОРОШЕВА

Балаларымды бөбекжайдан алудың өзі бір әлек.

 Қарға кептеліп қаламыз. Әкім-қаралар қайда қарап отыр. Сыртқа шығару коммуналды сала мамандарының міндеті ғой.

Абай қаласының әкімі болса, жауаптылар қарды тазалауға үлгере алмай жатқанын айтып ақталды. Алайда Карл Маркс көшесі және мешіттің маңайы әзірге ақ ұлпадан аршылмайтын сияқты. Камераны көргенде қала басшысы  пәтер иеленуші кооперативі жұмыскерлерін де  жұмылдырамыз деп бәйек болды.

Ерғали ҚЫСРАУНОВ   Абай қаласының әкімі  

 Су құбырларының жанын қардан  ашып жатырмыз. Наурыздың біріне дейін бәрін тындырамыз.  Ақ ұлпаныың қылтанында қалдырмаймыз.

Жергілікті билік  былтырғы жағдайдың қайталанбайтынына сөз беріп сендіруде. Заң бойынша  жеке сектордағы үйлердің қарын тазалау мамандардың құзырына кірмейді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25