ЕКІ БІРДЕЙ ӘКІМ СӨГІС АЛДЫ

17:48, 25 мамыр 2020

Бүгін облыс әкімі Жеңіс Қасымбек екі бірдей басшыны тәртіптік жазаға тартты. Нақтырақ айтқанда, Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімдері сөгіс алды. Бұл туралы аппараттық жиналыста мәлім болды

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Оларға дер кезінде  эпидемилогиялық жағдайдың мән-жайы жете зерттеп қадағаламағаны  үшін   сөгіс берілді.Яғни соның салдарынан науқастар  қатары артып кетті.

Санитарлық қызмет пен әкімдіктер тарапынан кеткен кемшіліктер  Теміртау  қаласы мен Ботақара кентінде коронавирустың күрт көбеюіне алып келді.Облыс әкімі бүгін аппараттық жиналыста осындай ұйғарым жасады. Орын алған олқылықтың салдарын -  аймақ басшысы инфекцияның таралуына жол бермеу жолындағы жұмыстардың бәсеңдігімен байланыстырып отыр. Сондықтан өңір басшысы қауіпті індетпен күреске бей-жай қараған Теміртау шахары мен Бұқар жырау ауданының әкімдеріне сөгіс жариялады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Шалғайда жатқан   өңірлердің әкімдері вирустың таралуына жеңіл қарамауы шарт.Санитарлық эпидемилогиялық қызмет саласында сұрақтар бар.Біріншіден оларда  жеделдік жоқ.Менің орынбасарым басқаратын  облыстық штабқа ессерту жасаймын. Сіздерде  басқа мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас жағы бәсең. Жұмыстар жүргізілген болсада, тиісті деңгейде емес.Эпидемологиялық жағдайды сақтау бойынша қызметтеріңіз көңіл көншітпейді.Соның нәтижесі  дәл уақытында қабылданбаған шаралар.Бұған Нұрқазған кенішіндегі жағдай дәлел. 

Өткен аптада Теміртау қаласына қарасты "Қазақмыс" корпорациясының «Нұрқазған» кенішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт көбейді.Қауіпті індетпен ауырған жұмысшылар аймақтың барлық өңірлеріне барған.Онысы аздай, олар дереу оқшауланбаған. Бірақ қазір кеселге шалдыққандарға қажетті ем-дом шаралары көсетілуде. Алайда облыс әкімі жергілікті жердегі  санитарлық дәрігерлер мен әкімдер сол сәтте  қажетті шаралар қабылдамағанын алға тартты. Бұдан бөлек аймақ басшысы  карантиннің сақталуына бақылауды күшейтуді  жауаптыларға нығарлап тапсырды.  

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Мен кешке қаланы аралаймын.Бетпердені ешкім кимейді. Әсіресе   саябақтар мен гүлзарларда топпен  жиналатын адамдар бір-бірімен ара қашық сақтамайды. Қала және аудан әкімдері  адамдарға  санитарлық талаптарды сақтауды жіті түсіндіріп, оны талап етіңіздер.  Бірінші кезекте –бұл тұрғындар үшін жасалатын  қамқорлық.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар