ЕКІ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

16:54, 14 қаңтар 2021

Ленин атындағы шахтада 2 адам зардап шекті. Қазіргі уақытта олар аурухананың токсикологиялық бөлімінде жатыр

52 жастағы ер адамға шахта газымен, оның ішінде «орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен жедел ингаляциялық уланды» деген диагноз қойылған. Яғни, токсикологиялық энцефалопатия. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Дәл осындай диагноз тағы бір 24 жастағы кеншіден табылды.

Боранқұл МАХИН, Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың басшысы:

- Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды. Оларды тексерді және олар ем алады. Психологтар жұмыс істейді. Шығару мәселесі келесі аптада шешіледі. Олар толық саналы түрде ем алады.

Жазатайым оқиға дерегі бойынша арнайы комиссия құрылды. Мұндай өкімді Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы берді. Комиссияны өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілі басқарады. Сондай-ақ, құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, кәсіподақ ұйымының өкілі және жұмыс беруші кіреді. Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері арнайы тергеу аяқталғаннан кейін анықталады.

Әлеуметтік желілерде жазылғандай, Ленин атындағы шахтада газ бен көмірдің шығарылуы бұрғылау жұмыстары кезінде орын алған. Төтенше жағдай кезінде шахтада 3-ші ауысымның 137 қызметкері болған. Олардың 136-сын шығарып үлгерген. Көрсеткіштеріне сәйкес шахтаның тау-кен қазбаларындағы газ жағдайы қалыпқа келтірілді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар