ӘЙЕЛДЕР БИЗНЕСІ ЖАНДАНУДА

13:48, 11 маусым 2019

Нұра ауданында биыл 20 дан астам көп балалы ана жеке бизнесін ашпақшы. Нәзікжандылар оқу курстарынан өтіп, әлеуметтік жоба жасап, грант жеңіп алды. Игілікті бастаманы кәдесіне жаратқанның бірі Елнұр Мұхамедияр. Мемлекет қолдауының арқасында шағын орталық ашып, ауданның кішкентай тұрғындарын мектеп алды даярлықтан өткізуде

Шағын орталықта 2 мен 5 жас аралығындағы балалар келеді. Оларға мамандар монтессори әдісі бойынша білім беруде. Мектепке даярлық ретінде әріп пен санау, оқу үйретіледі. Ал логопедтер кішкентай балаларды тілін шығарып, сөйлеуге баулыйды. Логикалық ойындарбүлдіршіндердің ой жүйесін дамытуға бағытталған.

Елнұр МҰХАМЕДИЯР, көп балалы ана:

-Оқу бағдарламалары ойын түрінде өтеді. Балар оларды оқытып жатыр екенін сезбейді де, білмейді. Олар ойын түрінде өтеді, дамып жатқандықтан балалардың кеткілері келмей, ата-аналары оларды жетектеп қолдарынан сүйретіп алып, кетіп жатады. Балалардың қызығушылығы өте жоғары. Балаларға ұнайды.

Елнұр Мұхамедияр 5 баланың анасы. Балалар шағын орталық ашу үшін 3 жыл дайындалған.  Бұл жолда бизнес тренигтерге қатысып, оқу курстарынан өтіпті. Кейін өзінің осы жобасын әзірлеп, Евроодақтың қайтарымсыз 1 млн 200 мың теңге көлеміндегі грантын жеңіп алды. Қазір мектепке дейінгі мекемеге 10 нан астам бала келеді.   Келешекте жас кәсіпкер мемлекеттік  бағдарламаларға қатысып балабақша ашуды көздейді.

Елнұр Мұхамедияр, көп балалы ана:

-Көп балалы аналарға ғана емес, негізінен әйел адамдарға бизнес ашуға мүмкіндіктер бар. Тек ғана мүмкіндіктерді біліп, оларды қолданып жүру керек. Яғни біздің жергілікті органдарымыздан барып, біліп, сұрастыру керек. Оқуларын оқып, жіберген жерлеріне оқуға барып, сертификаттарын алып, осындай гранттарға қатысса болады. Әрбір ананың осындай мақсатына жету мүмкіндігі бар.

Биыл облыс бойынша өз ісін ашуға ниетті аналарға 200 грант беріледі. Бұл облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы.  Берекелі бастаманың аясында Нұра ауданында 20 көп балалы ана оқу курстарынан өткен. Қазір әлеуметтік жобаларын жасап жатыр. Сәтін салса барлығы мемлекеттік грантқа ие болмақ.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар