ЕГІН НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ

13:31, 3 қыркүйек 2019

Қарағанды облысында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр Шаруашылықтар шөп шабуды аяқтап, астық жинауға кірісті. Осакаровка ауданында да қыр еңбеккерлері қазір дала төсін дүбірге бөлек жүр. Жер ана берген ырысты жинап алып, қамбаға құюды мақсат етуде

Қарағанды облысы бойынша биыл 884 мың гектар жерден дән алынады.  Науқанға   2 жарым мыңға жуық комбайн мен 60 картоп жинайтын машина жұмылдырылуда.

Осакаровка ауданындағы «Найдоровское»  ЖШС осымен 19 жыл боойы егін егу шаруашылығымен айналысады.   Өсірілетін  дақылдардың ішінде арпа, жасымық, майлы зығыр және бидай бар. Сарыарқа даласында өсірілген бұл  астық шетелде бағаланады. Өнімдерін  Еуроодақтың 15 елі сатып алады.

Павел ЛУЩАК, «Найдоровское» ЖШС директоры:

-Кәсіпорын барлық дақылдарды өсіреді. Бұл дәнді дақылдар, майлы дақылдар, бұршақтар, картоп. Қазіргі уақытта 2000 гектардан астам жаздық арпаны жинау жұмыстары жүргізілуде. Дәнді дақылдардан біз бидайдың көптеген сұрпын  өсіреміз. Қатты және жұмсақ. Бидайдың қатты сұрпы макарон өнімдеріне қолданылады.Ал жұмсақ сұрпы жоғары сапалы ұн өндіруге пайдаланылады.

Егістік алқаптарында метеостанциялар орнатылған. Ол топырақтың ылғалдылығы мен температурасын көрсетеді. Ал спутниктік бақылау жүйесі егін жинау жұмысының  басталу уақытын дәл анықтап береді.  Өнімді сапалы жинау үшін шарушылықта  қажетті техника бар.  Әсіресе американдық және  неміс комбайндарының қуаты күшті.

Павел ЛУЩАК, «Найдоровское» ЖШС директоры:

-Бұл дақылдарға үлкен артықшылықтар береді,себебі дақылдар көктемгі, қысқы ылғалды барынша пайдаланады. Ал бұрын тазалау жұмыстары жүргізілмеген. Яғни біз техниканы, осы дақылдарға арналған алаңды аздап босатамыз. Жалпы арқаның ауа райына байланысты дәнді дақылдардың қатып қалу мәселесі бар. Бірақ осы жолы біз аязға төзімді  жаңа сұрыптылар алдық.  Қазір біз бидай егетін боламыз, ол қырыққабат тәрізді  минус 21 градусқа дейін шыдайды.

Бұдан басқа," Найдоровское " ЖШС осы жылдан бастап органикалық егін шаруашылығы ісін қолға алды. Яғни өнімді өсіру кезінде улы химикаттардың орнына енді тек табиғи тыңайтқыштар қолданылатын болады. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар