ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

16:27, 14 қыркүйек 2018

Қарағандыда кеміргіштерді жою шаралары басталды. Қазан айының соңына дейін тек Қазыбек би ауданындағы 594 ғимарат жертөлелері дератизацияланады. Ең бірінші болып тізімде қараусыз қалған көпқабатты үйлер тұр

Әлиханов көшесі 34-ші үй жөртөлесі тышқан мен егеуқұйрықтардан жойылды. Айта кетсек,  Қазыбек би ауданы бойынша күн сайын 10-15 үйге  дератизация жұмыстары жүргізіліп отырады.

Нұрлан ӨТЕСБАЕВ,  «САНЛАП» ЖШС жетекшісі:

- Кеміргіштерге бидай түрінде жасалған у беріледі. Ол 5-7 күні ғана әсерін береді. Яғни алғашқы бесінші күні ешқандай улану жағдайы байқалмайды.  Кеміргіштер өте ақылды олар  ең әлсіздеріне жегізіп өздері бақылайды. Сондықтан алғашқы бес күнде оларға ештеңе болмайды. Тек жетінші тәулікте ғана барлығы 100 пайызға дейін  қырылады.

Дератизация шараларының алғашқы кезеңі көктемнің соңында өткізілген.  Сол кезде жөртөлелермен қоса 13 қоқыс алаңдары да тазартылыпты. Мамандар Ержанов көшесінде бұл мәселе күрделірек дейді. Көктем мезгілінде супермаркет қоқыс жәшіктерінің бірінен егеуқұйрықтың үлкен ұясы табылған екен.

Ләззат АҚЫЛЖАНОВА, Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары:

- Негізі біз 169 үйде жұмыс істеп жатырмыз. Бұл үйлерде КСК жоқ. Негізі бұл екінші тур. Күз кезінде осындай жұмыстарды істейміз.

Мамандардың сөзінше  көп жағдайда кеміргіштердің пайда болуына тұрғындардың өздері кінәлі.

Нұрлан ӨТЕСБАЕВ,  «САНЛАП» ЖШС жетекшісі:

- Көп үйлердің жертөлелері керек емес заттармен үйілген. Немесе су басып жатады.  Сәйкесінше ондай жерлерді тазарта алмаймыз. У  суға түсіп кетсе әсері болмайды. Тіпті жертөлелеріне кіруге мүмкін емес үйлер бар.

Бүгінгі күнге дейін мамандар 100 ден астам үйге жою-құрту шараларын жүргізді.  Жалпы айтқанда Қарағандыда кеміргіштермен күрес жұмыстары жіті бақылауда.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
16:28, 21 қыркүйек 2018
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар