ӘДІЛ СОТ – МЕМЛЕКЕТ МӘРТЕБЕСІ

15:42, 4 қыркүйек 2019

«Азаматтар жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады». Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында сот жүйесінің кейбір олқы тұстарын осылай бұқпасыз айтқан еді. Бұл сот жүйесінің әлі де жетіліп, толығуын, қала берді реформалардың нәтижелі болуын талап етеді. Осы пәрменді орындау үшін жауапты мамандар қандай жұмыс жүргізуі тиіс? Бұл сауалдар Қарағанды экономикалық университетінде Конституциялық кеңес мүшелерімен бірігіп өткен жиында айтылды

"Қазақстан Республикасының Конституциясы – азаматтық қоғам мен мемлекет тұрақтылығының құқықтық негізі" атты халықаралық ғылыми конференцияда негізінен ел ата заңының қарапайым халыққа жақын тұстары сөз болды. Мысалға алдағы уақытта конститутциялық кеңес мүшелері халық пен құқыққорғау органдарының арасын жақындату бойынша бірқатар нұсқаулықтар ұсынбақ.

Унзила ШАПАҚ, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі:

-Кеше президент айтты, халықты тыңдайтын мемлекет керек деп. Сондықтан осы тыңдайтын мемлекет негізі конституцияда көзделген құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асуы. Оны қамтамасыз ету мемлекеттік органдар соның ішінде құқық қорғау органдары. Сондықтан құқық қорғау органдарын халықпен жақындату керек.

Іс- шара республика бойынша жарияланған констиутциялық апталық аясында өткізіліп отыр. Мамандар тең құқықтық қоғамға қадам басу үшін қарапайым азаматтардың да құқықтарын біліп, оның таптатпауға ат салысқаны маңызды дейді. Жиын барысында мемлекеттік – құқықтық құрылымдарды бекіткен және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау мәселелері талқылан де талқыланды. Сондай-ақ конституциялық құндылықтарды өмірге барынша енгізуге жәрдемдесетін Конституциялық Кеңес қызметіне аса көңіл бөлінді. Мысалға конститутциялық кеңес 24 жыл ішінде шамамен 200-ге жуық заң нормаларына түсініктеме берген. Бұл тарапта мамандар заң жүйесі заманға сай жетіліп отыратынын айтады.

Фархия МОМЫШЕВА, ЗҒК, профессор, ҚЭУ «Бизнес және құқық» факультетінің деканы:

-Кез-келген сәтті реформалық жүйе  елдің қоғамдық экономикалық жүйесін жетілдірмесе алға баспайды. Мемлекеттік және қоғамдық модернизация негізі ол конституция. Біздің конституцияның қуаты мықты. Сондықтан оның әл-ауқатын арттыру міндеті тек мемлекет тарапынан емес, құқық қорғаушылар мен қарапайым азаматтар тарапынан да қолдау табуы тиіс.

Конференция қорытындысы бойынша осында оқылған баяндамалар мен көтерілген мәселелерді жинақтап,  құжаттар жинағын шығару жоспарланып отыр.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар